Арнольд Джозеф Тойнби

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Арнольд Тойнби
Arnold J. Toynbee
Туған күні

14 сәуір 1889 (1889-04-14)

Туған жері

Лондон

Қайтыс болған күні

22 қазан 1975 (1975-10-22) (86 жас)

Азаматтығы

Ұлыбритания

Ғылыми аясы

тарих

Альма-матер

Winchester College
Balliol College, Oxford

Несімен белгілі

Өркениет тарихының авторы

Марапаттары


Қадір Иегері Ордені

Арнольд Джозеф Тойнби (ағылш. Arnold Joseph Toynbee; 14 сәуір 1889 жыл, Лондон — 22 қазан 1975 жыл) — британдық тарихшы, тарих философы, культуролог және социолог. Өркениет теориясын өндірушілерінің бірі, «Тарих түсініктемесі» деп аталатын салыстырмалы өркениет тарихы туралы он екі томдық еңбектің авторы. Қадір Иегері Орденімен марапатталды.

Винчестер колледжінде және оксфордтық Бейлиол-колледжінде оқып, 1912 жылы оқытушылық қызметін бастады. Кейін Кингс-колледжінде Орта ғасырлар және Византия тарихын оқытты. 1913 жылы Гилберт Мюррейдің қызы Розалинда Мюррейге үйленді. 1919-1924 жж. Лондон университетінде сабақ берді. 1929-1955 жж. Лондондағы экономика мектебінде және Чэтэм-Хаус қаласындағы халықаралық қатынастардың Корольдік институтында оқытты. Кейін сол институтта 1929-1955 жж. директор болды.

Көптеген қоғамдық және политикалық мәселелер бойынша тарих-философиялық зерттеулерінің авторы. Оның алғашқы жұмысы (1913) ежелгі Спарта тарихына арналды. Бірте-бірте "Тарих түсініктемесі" еңбегін жазып, шығара берді.

Ұлы, Филипп Тойнби, журналист, жазушы және коммунист болған.

Тарихшы қадіріне арнап оның атымен астероидты атаған : "7401 Тойнби".

Тойнбидің жергілікті өркениет туралы теориясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тойнби дүниежүзілік тарихты туылудан өлімге дейін бірдей фазалардан өтетін шартты ерекшеленетін өркениеттердің жүйесі деп қарастырды. Оның айтуынша, өркениет - ол екі критерий бойынша қаралатын тұйық қоғам:[1] 1) дін 2) діннің ұйымдастыру формалары.

Тойнби 21 өркениетті қарастырды:
1. египеттік
2. андтық
3. ежелгі қытайлық
4. минойлық
5. шумерлік
6. майяндық
7. сирийлік
8. индтік
9. хеттік
10. эллиндік
11. батыстық
12. қиыр шығыстық (Корея және Жапония)
13. православтық христиандық (негізгі) (Византияда және Балканда)
14. православтық христиандық Ресейде
15. қиыр шығыстық (негізгі)
16. ирандық
17. арабтық
18. индуисттық
19. мексикандық
20. юкатандық
21. вавилондық

Осыларға қоса, Тойнби туылмаған өркениеттерді (қиыр батыстық христиандық, қиыршығыстық христиандық, скандинавтық, туылмаған сирийлік) қарастырады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тойнби А. Дж. Постижение истории. Сборник. / Пер. с ағылш. Е. Д. Жаркова, М., Рольф, 2001. — 640 с., ISBN 5-7836-0413-5, т. I. Введение. Сравнительное исследование цивилизаций, Предварительная классификация обществ данного вида, с. 82-85.