Артикль
Артикль (лат. Articulus - мүше) - белгілі және белгісіздік мағынасында жұмсалатын көмекші грамматикалық элемент. Артикль типологиялық және генетикалық жағынан әр түрлі тілдерде кездеседі: герман, кейбір славян (болгар, македон), семит, полинезия, венгр т.б. тілдерінде. Артикль саны тілдерде әр түрлі: түрік тілінде бір белгісіздік артикль кездеседі; екі артикль көптеген тілдерде, ал румын тілінде, үш артикль бар. Референциялық немесе анафоралық функцияны жүзеге асыра отырып, белгілі артикль алғаш көзге түскен затты нұскайды. Белгісіз артикль бұрын ерекше көрсетілінбеген қандай да бір затты, алғаш айтылған затты сілтейді. Белігілі артикль сілтеу есімдігінен, белгісіз есімдіктен немесе бір сан есімінен бастау алған. Препозитивті артикль зат есімнің алдында, постпозитивтік артикль зат есім/зат есімнен кейін келеді. Артикль ағылшын тілі грамматикалық формалары болмауы мұмкін. Көпше тұрде грек, албан тілдерінде септіктер бойынша түрленеді.[1]
Тағы қараныз:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |