Афионқарахисар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Афионқарахисар (түр. Afyonkarahisar, арм. Շապին - Գարահիսար) – Түркияның батысындағы қала және аудан[1].

Афьонкарахисар илінің әкімшілік орталығы. Халық саны 128 516 адам (2000 жылғы халық санағының нәтижесі). Қала туралы алғашқы деректер хеттердің Арцава патшалығыбилік құрған кезеңге жатады (б. з. д. ІІ ғасырдың ортасы). Кейін қала Лидия мен Фригияның құрамында болып, Александр Македонский, римдіктер мен Византияның басқаруында да болған. Ежелде қаланың атауы Акроин еді. 739 жылы қала аумағында византиялық Лев Исавр мен оның ұлы Константиннің басқаруымен қалаға басып кірген араб әскері талқандалады. ХІІІ ғасырдың басында Кония сұлтандығының құрамына кіреді. Гермиян билеушілерінен қала Осман империясының құрамына өтіп, олар қалаға «Карахисар-и-Сахиб» (Қара бекініс қаласы) атауын береді. Бұл атау қала маңында селжұқтар орнатқан 235 метрді құрайтын қара бекініске байланысты қойылған еді. Қазіргі атауы Афьон (түрікшеден аударғанда апиын) қаланың маңында өсірілетін, емдік препараттарды дайындау үшін қажетті апиын магының атауымен аталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%84%D1%8C%D0%BE%D0%BD