Ахиллобатор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ахиллобатор

Ахиллобатор біздің заманымыздан 90 миллион жыл бұрын кейінгі Бор дәуірінде өмір сүрген. Сүйектері қазіргі Моңғолия жерінен табылған. Ол дромеозаврид-теропод динозаврлар тобына жатады. Атауы Троя соғысының батыры, ежелгі грек жауынгері, әйгілі Ахиллес есіміне моңғолдың «батор» сөзінің жалғауынан шаққан. Ахиллобатор — артқы аяқтарындағы орақтай тарнақтарымен аң аулап қоректенген екі аяқты жыртқыш. Қазіргі кездегі құстардың шығу тегі ахиллобатордан басталған болуы мүмкін. Дромеозаврид динозаврдың басынан құйрығына дейінгі ұзындығы —5-7 метр аралығында. Ахиллобатор дромеозаврид тұқымдасының өкілі. Ол солтүстікамерикалық дромеозар және ютараптор секілді динозаврлардың да туысы саналады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы