Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов
Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов | ||||
| ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
27 сəуір (10 мамыр) — 9 (22) шілде 1906 | ||||
| ||||
20 ақпан — 3 маусым 1907 | ||||
| ||||
шілде 1917 — 1920 | ||||
| ||||
желтоқсан 1922 — қаңтар 1925 | ||||
| ||||
? — 1928 | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Алаш | |||
Білімі | Қазан университеті | |||
Діні | ислам | |||
Дүниеге келуі | 7 желтоқсан 1871 Торғай уезінің Тосын болысының №1 ауылы | |||
Қайтыс болуы | 5 қаңтар 1928 (56 жас) Ленинград, Ресей КФСР | |||
Әкесі | Қорғанбек | |||
Анасы | Ханша | |||
Жұбайы | Гүлжауһар Əлмұхамедқызы | |||
Балалары | Ұлы: Батырбек Ахметұлы Қызы: Іңкəр Ахметқызы | |||
өңдеу |
Ахмет Бірімжанов — Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жастық-шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1871 жылы 7 желтоқсанда Торғай уезінің Тосын болысының №1 ауылында (қазіргі Жангелді ауданы) дүниеге келген. Арғын тайпасы Шақшақ руының Аю бөлімінен шыққан.[1]
Жастайынан зерек Ахмет Орынбор ерлер гимназиясын 1891 жылы күміс медальмен бітірсе, ал Қазан университетінің заң факультетін 1895 жылы алтын медальмен бітірген.
Мемлекеттік Дума мүшелігінде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ЖОО бітірісімен Орынбор округтық соттың кандидаты, одан кейін Торғай уезінің бітімші соты болып істеп жүргенде, 1906-1907 жылдары Ресейдің 1-2 мемлекеттік Думасының мүшелігіне қатарынан екі рет Торғай облысы қазақтары атынан сайланады.
1906 жылы 2 шілдеде дума отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияға қазақ депутаттарын енгізуді ұсынады. Депутат А.Қалменев екеуі қазақ жерінде қоныс аударушыларды жерге орналастыру комиссияларының заңсыздықтары туралы жоғарғы үкімет билігіне сұрау салады.
А.Бірімжанов 2-Думада әскери дала соттарын жою туралы заң жобасын жасау комиссиясының құрамына енеді. Бұдан басқа өзге де 53 депутатпен бірлесіп, Министрлер Кеңесіне 1906 жылы 4 маусымда қазақ даласында қоныс аударушылар учаскелері мен ормандағы саяжайлардың орналасу заңсыздығы жөнінде сұрау салады.
Қазақ даласына ішкі Ресейден қоныстанушылардың жаппай шұбыруына байланысты жер, қоныс мәселесі қатты ушығып, қазақ халқының тағдырына тікелей әсер еткендіктен, қазақ зиялыларын қатты толғандырып, оны Дума мінбері арқылы жеңілдетіп шешуге әрекеттенген іс-қимылдары еді. Алайда Дума таратылып, бұл іс-әрекеттер нәтижесіз болып, Дума мүшесі ретінде А.Бірімжанов қазақ өлкесінде қызмет істеуіне рұқсат етілмей, 1917 жылға шейін Бузулук қаласында сот тергеушісі болған.
Ақпан төңкерісінен кейін
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақпан төңкерісінен соң алғашында Уақытша өкіметтің Торғай уезінің комиссары, онан кейін Қостанай уезінің комиссары болған. Сол жылдары елде белең алған қоғамдық-саяси және Алаш қозғалысына араласа бастайды.
1917 жылы 2-8 сәуірде Орынборда және сол жылғы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының сиезіне қатысып, соңғысында жаңа сот жүйесінің жобасын әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына кіреді. Торғай облыстық біріккен мұжық-қазақ сиезіне де қатысады.
Шілдеде өткен Жалпықазақтық сиезде Торғай облысынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады да, желтоқсандағы сиезде Торғай облысынан Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтеді.
Кеңес өкіметі кезінде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кеңес өкіметі кезінде заң орындарында жауапты қызметтер атқарған. Қазақ АКСР-дің заң комиссариатының алқа мүшесі және өмірінің соңына шейін Қазақстанның Жоғарғы сотының мүшесі болған.
1927 жылы 5 қаңтарда Ленинградта қайтыс болған. Ақтық сапарға Ә.Бөкейханов, Ә.Сейдалин, Ленинградта оқып жүрген қазақ студенттері М.Әуезов, Ә.Марғұлан, ұлы Батырбек және татар зиялылары шығарып салған.[2]
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірімжановтың арғы аталары атақты Арғын-Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы батыр және Шеген би. Өз әкесі — Қорғанбек. Шешесі — Қыпшақ Наурызбай бидің қызы Ханша. Ал арғы атасы — Шеген бидің қызы Айман, Ыбырай Алтынсариннің шешесі.[3]
- Інісі Ғазымбек (1896-1938) - қоғам қайраткері, алашшыл азамат.
- Әйелі Гүлжауһар - Әбілқайыр ханның шөбересі. Гүлжауһардың әкесі Әлмұхамед Сейдалин - білімі бойынша заңгер, Ырғыз уезінің басшы-сұлтаны және Орыс географиялық қоғамының мүшесі
- Ұлы Батырбек (1911-1985) - химик, аспирант. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің деканы.
- Қызы Іңкәр (1915-2002) - мұғалім, ғылым докторы, АММИ-ның қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://www.tarih.spring.kz/kk/history/modern/figures/bayzhanuly/ Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2020 жылы.
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 7 желтоқсанда туғандар
- 1871 жылы туғандар
- 5 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1928 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алаш Орда қайраткерлері
- Жангелді ауданында туғандар
- 1927 жылы қайтыс болғандар
- Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан заңгерлері
- Қазан университеті түлектері