Ағаштың безі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ағаштың безі.

Ағаштың безі (үйілі, ұрысы, тошыны ) – ағаш діңінде немесе түбірінде пайда болған, әбден қатайып беріш болып қалған бөлігі.

Пайда болуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ағаштың діңіндегі шодырайып шыққанын ағаштың ұрысы, бұтақ пен діңнің арасындағы шыныланып қатайып қалған бөлігін ағаштың безі деп ажыратады. Без ағаштың «көзі» бүршік атпай (жарылмай), «бұйыққаннан» пайда болады.

Шаруашылықта пайдаланылуы және қолданысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ағаш безінен бұйым жасау оның қатты болуына байланысты құрал-сайманның өткірлігін, оюшы шебердің қолының қарымын талап етеді. Қобызды мадақтағанда «ақ қайыңның безінен қағып алған» дейді. Ағаштың ұрысынан, безінен жасалған бұйым уақыт өте келе қызыл қоңыр, шұбар түсті табиғи өрнегі (текстурасы) ашыла түсетіндіктен онан құты, саптыаяқ, тостаған, ағаш аяқ сияқты әртүрлі ыдыс түрлерін жасайды. Ілияс Жансүгіров ағаштың безінен жасалған саптыаяқтың мықтылығы туралы «Қабаққа біткен қайыңның, Беріші еді, безі еді», - деген болатын. Шеберлер емен, ырғай, қарағаштың безінен (көзі үйлі, берішінен) ағаш балға, шоқпар, сойыл және т.б. сан алуан құралдар мен бұйымдар да жасаған. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2