Ақсу (өзен, Жетісу облысы)
Ақсу өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 316 км |
Су алабының ауданы |
5040 км² |
Су алабы | Іле өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Жетісу Алатауындағы мұздықтар |
• Координаттары | 45°00′24″ с. е. 79°41′33″ ш. б. / 45.00667° с. е. 79.69250° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Балқаш көлі |
• Координаттары | 46°19′24″ с. е. 78°10′28″ ш. б. / 46.32333° с. е. 78.17444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°19′24″ с. е. 78°10′28″ ш. б. / 46.32333° с. е. 78.17444° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Жетісу облысы Ақсу, Алакөл аудандары |
Ақсу – Жетісу облысы Ақсу, Алакөл аудандарындағы өзен. Ұзынды-қысқалы 132 саласы бар. Ақсудың ұзындығы 316 км, су жинау алабы 5040 км2.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жетісу Алатауы ның 4000 м. биіктікте орналасқан мұздықтарынан бастау алып, Балқаш көліне құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпжылдық орташа су шығыны Жансүгіров ауылы тұсында 11,2 м3/сек. Өзен жоғарғы ағысында тауаралық Қапал аңғарын кесіп өтіп, жазыққа шыққан соң көптеген саяз тармақтар мен арналарға бөлініп кетеді. Төменгі ағысында тарамдар, өзектер, көлдер мен батпақтар құрай отырып, Балқаш маңы жазығын кесіп өтеді. Өзен алабының мұз құрсану аумағы 139 км2, көлемі 0,77 км3 болатын 162 мұздық бар. Негізгі салалары: Сарқан, Қожамберді өзендері. Ақсу шаруашылыққа пайдалануға байланысты суы көктем мен жазда тасиды, осы кезеңде жылдық ағындысының 80%-і өтеді. Суы тұшы, минералдылығы 0,2-1,5 г/л аралығында ауытқиды. Минералдары химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класының кальций және магний тобына жатады. Суы егін, мал суаруға және техн. қажеттіліктерге пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5