Мазмұнға өту

Байкөл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Байкөл
сах. -{Баай күөл}-, көнетүркіше -{Bay köl}-
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі456—457 м
Өлшемі636 × 79,5 км
Ауданы31 722 км²
Көлемі23 615 км³
Жағалау сызығының ұзындығы2000 км
Тереңдігі1642 м
Орташа тереңдігі744,4 м
Гидрология
Судың тұздылығы0,120 ‰[1]
Судың мөлдірлігі40 м
Су алабы
Суды жинау ауданы571 000 км²
Құятын өзендерСеленга, Жоғарғы Ангара, Баргузин
Орналасуы
53°13′00″ с. е. 107°45′00″ ш. б. / 53.2167° с. е. 107.75° ш. б. / 53.2167; 107.75 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°13′00″ с. е. 107°45′00″ ш. б. / 53.2167° с. е. 107.75° ш. б. / 53.2167; 107.75 (G) (O) (Я) (T)
Ел Ресей
АймақИркутск облысы
АуданАнгара
Байкөл (Ресей)
Байкөл
Байкөл Ортаққорда

Байкөл (сах. -{Баай күөл}-, көнетүркіше -{bay köl}-бай көл; кейде Байкал дейді) — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі әлемдегі ең терең көл және ең ірі тұщы судың табиғи сутоғаны болып табылады. Көл іші мен жағалауы өте бай флора мен фаунасымен ерекшеленеді. Жергілікті тұрғындар тарихи көлді «теңіз» деп атайды.

С.У.Ремезовтың сызба кітабындағы Байкал көлі "МОРЕ БАЙКАЛЪ"

Байкөл — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады. Ауданы 31,5 мың км², суының көлемі 23,6 мың км³. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал — жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңд. 730 м. Көлде дүние жүзіндегі тұщы су қорының (мұздықтарды есептемегенде) 20%-і шоғырланған. Жағасы аз тілімделген. Геофизикалық зерттеулер көл суының астында 6000 метрге жететін шөгінді қабаттың жатқанын көрсетті. Ірі шығанақтарыБаргузин, Чыркуй, Провал, ірі түбегі — Әулие Тұмсық. Көлде 27 арал бар, ең үлкені—Ольхон (730 км²). Көлге 336 өзен құяды. Олардың ірілері: Селенга, Баргузин, Жоғ. Ангара, Турка, т.б. Бір ғана Ангара өз. ағып шығады. Байкалға құйылатын судың 50%-ы Селенга өзенінен келеді. Ең биік су деңгейі тамыз — қыркүйек, ал ең төмен деңгейі наурыз — сәуір айларында байқалады. Судың беткі қабатының температурасы тамыз айында 9 — 12ӘС-қа дейін көтеріледі. Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында суы қатады, мамырда мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы 70 — 115 см-ге дейін барады. Суы өте мөлдір (40 м тереңдіктен көл түбін көруге болады), әрі оттегіне бай. Байкалда жануарлардың 1800, өсімдіктің 600 түрі кездеседі. Жануарлардың 82%-ы эндемиктер (байкал итбалығы, тірі туатын голомянка балығы, байкал түркесі, т.б.). Кәсіптік маңызы бар омул, хариус, т.б. балықтар ауланады. Байкал, Усть-Баргузин, Нижнеангарск порттары аралығында кеме қатынайды. Көл төңірегінде туризм жақсы дамыған. Байкалдың солтүстік-шығыс бөлігі Баргузин қорығының құрамына енеді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Галазий Г. И. Байкал в вопросах и ответах — 1989.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]