Батыс Рим империясының құлауы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
     Рим республикасы     Рим империясы     Шығыс Рим империясы     Батыс Рим империясы

Батыс Рим империясының құлауы474 жылы орын алған ірі тарихи оқиға. Әлем тарихында бұл уақыт құлдықтың жойылу кезеңі деп есептелінеді.

Империядағы ішкі қайшылықтардың шиеленісуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Б.з. I-II ғасырларында Рим империясы өзінің даму шыңына шықты. Сол тұста құлиеленушілік құрылыста ең жоғарғы сатысына көтерілді. Алайда б.з.-дың II ғасырының аяғынан бастап экономикада үлкен қиыншылықтар орын алды. Құлдар мен колондар қатты қаналды. Зорлық-зомбылық олардың еңбекке деген ынтасын жойды. Жұқпалы аурулар кеңінен тарап, оларды жаппай өлімге алып келіп соқты. Еркін шаруалар жұтады. Құлдар мен колондардың жалпы саны қысқарды. Орасан көп жерлер өңделмей қалды. Батпақты жерлер ұлғайды, жыртатын жерлерді орман басты. Қолөнершілер шеберханаларын тастап, ірі иеліктерге кетті. Кен өндіру мен сауда қысқарды. Б.з.-дың III ғасырында ақша айналысында құнды металдар тым азайып кетті. Бай адамдар алтын-күмістерін құпия ұстады.

Ғұндардың батысқа жорығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ежелден жауынгер атанған ғұн тайпаларының батысқа қарай жылжуы б.з.б. II ғасырда басталды. Ғұндардың бұл жылжуы тарихта Халықтардың ұлы қоныс аударуы деген атпен белгілі болған тайпалар мен жаңа құрыла бастаған халықтардың қоныс аударуына әсер етті. Ғұндардың батысқа қарай жылжуы жаугершілікпен қатар жүріп, бүкіл Еуразия жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси өміріне, этникалық құрамына және мәдениетіне үлкен өзгерістер енгізді. Сол тұста 24 тайпалық одақтан құрылған ғұндармен бүкіл Еуразия қос құлағында иық теңестіретін бірде-бір ел болмады. Олар Дунай өзені арқылы Батыс Еуропаға, Испания жеріне жеткен. Ғұндар б.з.-дың ғасырында Скандинавиядан Солтүстік Қара теңіз маңына дейін қоныстанған готтарды батысқа ығыстырады және готтардың бір бөлігін бағындырып алады.

V ғасырдың ортасында ғұндардың көсемі Аттила (Еділ) болды. Ол қазіргі Румыния мен Венгрия жерінде көшіп жүрген ғұн тайпаларын біріктіріп, жаңа жорықтар ұйымдастырды. Аттила әскерлері Панония мен Мензияны және Францияның да бірқатар жерлерін жаулап алды. Жаулап алынған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды қиратып, ауылдарды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырған.

Готтар мен ғұндардың басып кіруі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Империяның қауіпті көршісі Қара теңіздің солтүстік маңына көшіп келіп қоныстанған германдардың готтар тайпасы болды. Олар империяның әлсіздігін пайдаланды. Готтар Италия жеріне баса-көктеп кірді. Готтардың әскеріне Аларих қолбасшылық етті.

Рим әскерлері көп құрамды болғандықтан сенімсіз болып шықты. Олар Италия жерін қорғаудың орнына көбісі Аларих жағына өтіп кетті. Императорды жек көретін құлдар мен колондар құлиеленушілердің үйлері мен бау-бақшаларын қиратып, готтарға барып қосылды. Готтар "мәңгі қалаға" келіп тірелетін нан таситын жолдарды кесіп тастады. Соның нәтижесінде қалада аштық пен әртүрлі аурулардың эпидемиясы басталды. Осындай ауыр жағдайға түскен римдіктер Аларихпен келіссөз жүргізді, бірақ ол еш нәтиже бермеді. Келіссөз жүргізу барысында Рим жағы қалада халықтың көп екенін, олардың барлығы өз жерлерін қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда Аларих бұған кекете: "Шөп неғұрлым көп болса, соғұрлым оны шабу жеңіл болады" деп жауап береді. Рим империясына бұдан кейін үлкен қауіп төндіріп тұрған ғұндар еді. Ғұндардың көсемі Аттила (Еділ) V ғасырдың 30-жылдары Батыс Рим империясына қарайтын Галлияға басып кірді. Империяның белгілі қолбасшысы Аэций Аттилаға әскерімен қарсы шығады. Аэций шебер саясатшы да болатын. Ол біріккен көрші тйпалардан (вестготтар, франктер) жасақтар құрып, ғұндарға қарсы қояды. Ғұндар мен біріккен тайпалардың арасындағы соғыс ең ірі шайқас 451 жылы Каталун алқабында болды.

452 жылы Аттила өз әскерімен Солтүстік Италияға басып кіреді. Көрші халықтар мен тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде Римде ғасырлар бойы жасалған мәдени құнды заттар жойылады. Олардың орнын шөп пен бұта басады. Ғұндар мен готтардың шапқыншылығы Рим империясын құлдыратты.

Батыс Рим империясының құлауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рим әскери қызметінде жүрген көрші тайпалар әскербасыларының тақ үшін күресі шиеленісті. Сол тұста Рим көрші халықтардың шапқыншылық жорықтарынан қатты күйзелді. Әсіресе, Африкада қоныс тепкен германдардың вандал тайпасының шабуылдары қатты соққы болып тиді. Батыс Рим империясы билеушілерінің ішкі қырқыстарын жақсы пайдалана білген вандалдар 455 жылы Римді алады. Қаланы аяусыз тонап, қиратып, өртейді. Халқын қырып-жояды, мыңдаған адамдарын құлдыққа айдап алып кетеді. Ешбір көңілге қонбайтын осы ойрандаушылық "вандализм" деген сөзді қалыптастырды. Вандалдардың талқауынан соң "мәңгі қала" атанған Рим қираған үйіндіге айналады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: "Атамұра"