Бақ сұлыкеші

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бақ сұлыкеші

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Сарыторғайлар
Тегі: Emberiza
Түрі: E. hortulana
Екі-есімді атауы
Emberiza hortulana
Linnaeus, 1758

Бақ сұлыкеш - Торғайтәрізділердің Сарыторғайлар тұқымдасының Сұлыкештер тармағының құсы.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұмсығы қызғылттау, көзінің айналасында ақ шеңбері бар , орташа денелі (20-30г) құс. Бақ сандуғашының аналығы мен аталығының түстері өте ұқсас. Олардың реңі, жотасы-шұбарланған ашық қоңыр, бауыры- қызғылтсары сарғылт, тамағы- сары, басы мен жемсауы сарғыштау реңкті.

Бұл құстың шыққан тегі- оңтүстік Еуропалық өңір, Азияға , Батыс Сібір арқылы Алтайға дейін енген. Бақ сұлыкеш Қазақстанда солтүстік жартысына дейін –Жайық аңғарыныан Ертіс және Алтайға дейін қоныстанады. Қалған орындарда тек қана мамыр және тамыз- қыркүйек айларында өзінің Африкалық – Азиялық қыстауы үшін барып, қайта оралып, ұшып өткен жылыстау кезінде кездеседі. Бұталары бар ашық кеңістікке қоныстанады. Әуені кәдімгі сұлыкештің әуені іспеттес , бірақ әдетте төрт буыннан құралған қысқа және тұрақты болып келеді.

Өмір сүруі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұясы жақсы жасырылып, жерге орналастырылады. Салындыдағы 4-6 теңбілді жұмыртқалары 11-12 күн аналығы басады, ал балапандарын ата-енелері бірлесіп қоректендіреді. Шамамен 14-15 күнде ұша бастайтынына қарамастан , балапандар көбінесе ұяны 8-9 күнде тастап кетеді. Ата-енелері балапандарды ұядан тыс кездерде де қоректендіреді [2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Emberiza hortulana. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Мектеп энциклопедиясы. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. ISBN 978-601-282-168-0