Биғали Әбдікерұлы Қайыпов
Биғали Әбдікерұлы Қайыпов (16.7.1951 жылы туған, Арал қаласы) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты.
Қызылорда педагогика институтының (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология факультетін, Алматы халық шаруашылық институтының жоспарлау-экономика факультетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1968 – 69 жылдары ауылдық мектепте мұғалім болып бастады. Облыстық, республикалық комсомол комитеттерінде бөлім меңгерушісі, хатшы, Қазақстан Компартиясы ОК-нда нұсқаушы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының көмекшісі болып істеді. 1985 – 95 жылдары Сырдария аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Арал аудандық партия комитеттінің 1-хатшысы, аудандық Кеңестің төрағасы, Арал ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 1995 – 99 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты, 1999 – 2001 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, 2001 жылдан Республиканың мұнай өндірісі саласында басшылық қызметте.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 16 шілдеде туғандар
- 1951 жылы туғандар
- Аралда туғандар
- Қазақстан экономистері
- Экономика ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері
- Жаңа экономикалық университеті түлектері
- КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы түлектері
- Сырдария аудандық (Қызылорда облысы) атқару комитетінің төрағалары
- Қазақстан КП Арал аудандық комитетінің бірінші хатшылары
- Арал аудандық атқару комитетінің төрағалары
- Арал ауданының әкімдері