Болат хан
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Болат хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1718 — 1729 | |||
Ізашары | Қайып хан | ||
Ізбасары | Әбілмәмбет хан | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | ислам | ||
Қайтыс болуы | 1729 Түркістан | ||
Әкесі | Тәуке хан | ||
өңдеу |
Болат хан (туған жылы белгісіз - 1729) (1718-1729) — билік құрған - қазақ ханы. Тәуке ханның баласы. Ұйымдастырушылық, қолбасшылық қабілетімен ерекшеленбеген Болат мұрагерлік жолмен хан сайланған.
Болат билік еткен тұста Орта жүз қазақтары бірнеше рет (1716, 1717, 1722, 1723) ойраттардың шапқыншылығына ұшырады. Болат жоңғар басқыншылары, башқұрттар мен Еділ бойы қалмақтарына карсы қазақ жасақтарын ортақ күш етіп жұмылдыра алмады. Болат жөнінде тарихи деректер аз кездеседі. Оның балаларының ішіндегі белгілісі — Әбілмәмбет хан.[1][2]
Жоңғар шапқыншылығы салдарынан қазақ халқы Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұламаға ұшырағаннан кейін Болат ханның билігі де жойылды.[3].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
|