Бор қышқылы
Бор қышқылы, ортобор қышқылы, (Н3ВО3) — анорганикалық үш негізді әлсіз қышқыл, ақ кристалл зат. Ол ыстық суда, спирт және т.б. органикалық еріткіштерде ериді. Бор қышқылын қыздырған кезде, оның құрамынан су бөлініп шығып, әуелі метабор қышқылына (НВО2), содан кейін бор ангидридіне (В2О3) айналады. Бор қышқылын оның табиғи тұздарын өңдеу арқылы алады. Мысалы, натрийдің тетраборатының (бураның — Na2B4O7Һ10Н2O) ыстық ерітіндісін күкірт қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады. Ерітіндіні салқындатып, Бор қышқылы кристалдарын бөліп алады. Бор қышқылы бояу алуда, қағаз шығару, тері өңдеу өндірістерінде, дәрі-дәрмек жасауда қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |