Мазмұнға өту

Босфор бұғазы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Босфор бұғазы
түр. İstanbul Boğazı
НАСА-ның ғарыштан көрінісі. Үстіңгі жақ — Қара теңіз, астыңғы жақ — Мәрмәр теңізі
НАСА-ның ғарыштан көрінісі. Үстіңгі жақ — Қара теңіз, астыңғы жақ — Мәрмәр теңізі
Сипаттамасы
Ені0,7 — 3,7 км
Ұзындығы29,9 км
Тереңдігі120 м
Орналасуы
41°07′10″ с. е. 29°04′31″ ш. б. / 41.11944° с. е. 29.07528° ш. б. / 41.11944; 29.07528 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°07′10″ с. е. 29°04′31″ ш. б. / 41.11944° с. е. 29.07528° ш. б. / 41.11944; 29.07528 (G) (O) (Я) (T)
Өзінен жоғары акваторияҚара теңіз, Мәрмәр теңізі
Ел Түркия
Арасын бөліп тұрЕуропа жағында Фракия, Азия жағында Кіші Азия (Анадолы)
Босфор бұғазы (Түркия)
Босфор бұғазы
Босфор бұғазы Ортаққорда
A.
Босфор көпірі

Босфор бұғазы, Қаратеңіз бұғазыҚара және Мәрмәр теңіздерін жалғастыратын, Еуропа мен Азия құрлықтары аралығындағы су айдыны. Ұзындығы 30 км, орташа ені 2 км, фарватерінің ең таяз жері 20 м. Жағасы биік, тік жарлы. Табиғи қойнауларының ішіндегі ең қолайлысы — “Алтын мүйіз” қойнауы (Еуропалық бөлігінде). Жағалауында Түркияның ең ірі қаласы — Стамбұл орналасқан. Боспор бұғазының экон. және стратегиялық маңызы зор. Бұғаз арқылы ТМД елдерінен, оның ішінде Қазақстаннан әлемдік рынокқа мұнай, астық, түсті металдар, т.б. өнімдер тасымалданады.