Бурсит
Бурсит (bursіtіs, лат. bursa — қалта) — буын қалталарының қабынуы. Бурсит шынтақ, иық, тізе, сирақ, аяқ ұшы буын қалталарында жиі кездеседі. Оның жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел Бурсит — жарақаттан (жара шығу, қажалу, т.б.) және кейбір аурулардың асқынып кетуінен (тұмау, сарып, соз, т.б.) пайда болады. Зақымданған жерді спиртпен, иодпен дезинфекциялап, таңғышпен байлап қою керек. Созылмалы Бурсит —буын қалталарына сыртқы тітіркендіргіштердің тұрақты әсер етіп, жан-жағына ірің жиналуынан болады. Бурситтің бұл түрімен, көбінесе, үнемі қозғалыста болатын адамдар (спортшылар, шахтерлер, т.б.) ауырады. Буын қалталары қызарып, кішкентай ісік пайда болады. Ісікті сипап басқанда, ішінде сұйық зат бары сезіледі. Буынды құрайтын сүйектер қозғалғанда ауру күшейе түседі. Ауру асқынса, науқастың дене қызуы көтеріліп, мазасы кетеді. Емдеу үшін буын құрайтын сүйектердің қозғалысы шектеліп, ісінген жерге ыстық басылады. Буын қалталарына жиналған сұйық шприцпен сорылып алынады да, жараға антибиотиктер егіледі. Ал ауру асқынған жағдайда, буын қалтасына хирургиялық операция жасалады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |