Бұйра лалагүл
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Бұйра лалагүл | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Lilium martagon L. |
Бұйра лалагүл (лат. Lilium martagon) — лалагүлдер тұқымдасының лалагүл туысына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 60 — 100 см, сабағы түкті.
- Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, ені 1,5 — 2 см.
- Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 — 15 см, хош иісті.
- Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді.
Өсетін жері мен таралу аймағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда Алтай, Тарбағатай тау жүйесінде, Жетісу Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі.
Қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұйра лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады[1][2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақ Энциклопедиясы», ІІ-том
- ↑ Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т. З. — 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т. З.), ISBN 9965-893-19-5