ВМХ
Велосипед мотокроссы, веломотокросс немесе BMX (ағылш. Bicycle Motocross («motocross» атауын «MotoX» иә «MX» етіп қысқартады., «велосипедтік мотокросс») — велосипед спортының бір саласы. Бұл спорт түріне BMX велосипед типін қолданады.
Алғашқы ВМХ-велосипед батпақты жолдардағы жолсыз жарыстар үшін 1960 жылы құрастырылған болатын. Бүгінгі күні ВМХ трек-рэйсинг Олимпиадалық спорт түрі болып саналады, ал фристайл қалалық жарыстарда сайысқа түседі. [1]
Сайыстың мақсаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Трек рэйсингте мәре сызығын бірінші болып кесіп өтетін жарысушы жеңеді.
- Жарыс, әдетте, біліктілікті бағалау жарыстар топтамасынан тұрады. Ең үздік жарысушылар содан соң райд-оф топтамасында жарысады. Осының бәрі жарыс жеңімпазы анықталатын үлкен мәремен аяқталады.
- Трекке арналған велосипедтер белгілі бір өлшемдерге сәйкес болуға тиіс, мысалы, олардың нөмірлік белгілері болады, ал тізбекті ауыстырғыш қоршаулары болмайды.
- Веложарысушылармен сөйлесу үшін жалаушылар пайдаланылады. Жасыл жалау тректе кедергіледің жоқтығын және жарыстың жалғастыратырылатынын білдіреді. Сары жалау бағдардың бос емес екенін білдіреді. Қызыл жалау бұд жарысушыға тоқтауға және сөреге қайтуға берілетін белгі.
- Фристайл жарыстарда ең жоғары балл жинаған веложарысушы ұтады.
Фристайл
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Айла-тәсілдер жасалатын ВМХ жарыстар фрисайл (еркін мәнер) деп аталады. Олар қалалық ортада вер-рампалар (қысқ. тік рампа) деп аталатын, не жазық бетте (фаэтлэнд) арнайы құрастырылған рампаларда өтеді. Жарысушылардың өнерлерін қазылар алқасы бағалайды. Оларға шеберліктері және орындаған айла-тәсілдерінің күрделілігі үшін ұпайлар қояды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Балаларға спорт жөнінде энциклопедиясы" — Алматыкітап баспасы, 2013. — ISBN 978-1-4053-6850-6 УДК 373 ББК 74.200.55 Б 22.