Валент
Валент Флавий Юлий Валент – Рим императоры. 328 – 378 жылдары өмір сүрген. Ағасы Валентиниан Валентті өзімен тең басқарушысы өтті, сөйтіп Валент империяның шығысын биледі. Ағасы Валентиниан император болғанға дейін әскери мансап жолында үлкен жетістіктерге жетті. Ал Валент уақытының көбін поместьеде , отбасымен бірге өткізді. Тек 360 жылы ағасымен бірге император Джулианың парсыларға қарсы жорығына қатысты. Ол балқан түбегінің және Грекия , Египет , Сирия, анадолы жерлерінің шығыс жақ бөлігін иемденді. Сөйтіп , өзінің астанасы Константинопольге 364 жылдың желтоқсанында қайта оралды. 365 жылы император джулианың анасы жағынан туысы болып келетін прокопий өзін Рим императоры деп жариялады. Дегенмен Валент 366 жылы Лидия елінің Фиатира қаласында оны тізі бүктірді. 376 жылы Валент кезінде Ғұндар шегіндірген вестгот тайпасын Мезниге қоныстандырды. Дегенмен оның бұл қадамы өзіне сәтсіздік әкелді. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 1100 қызықты деректер ұлы императорлар Ү.Зұлхарова