Валюта нарығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.

Валюталық нарықтың қатысушылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Валюталық нарықтың негiзгi қатысушыларымен болып табылады:

[1]

Валюта нарығы

Валюта нарығы, Валюта рыногі — 1) сұраным мен ұсыным негізінде қалыптасқан валюта курсына сай валюталарды сатып алу-сату шоғырланған ресми орталық; 2) шет ел валюталарын және шет ел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу-сату жөніндегі тұрақты экон. және ұйымдық қатынастар жүйесі. Бұған еуродепозиттер нарығы, еурокредиттер нарығы, еурооблигациялар нарығы енеді. Биржалық валюта нарығы, биржадан тыс (банкаралық) валюта нарығы түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік аса ірі валюта нарығы АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурда орналасқан. Валюта нарығына операциялардың екі түрі: “спот” (валютаны тез жеткізу), “форвард” (келісілген курс бойынша уағдалы уақыттан бір ай және одан көп уақыт кейін жеткізу) қолданылады. Валюта нарығы экономиканы мемл. реттеуге бағытталған валюта саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том