Ванадинит
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ванадинит – ванадаттар класының минералы. Химиялық формуласы Pb5[VO4]3Cl. Гексогональды сингонияда ұсақ призмалы немесе ине тәрізді кристалдар түзеді. Кристалдары бірігіп тау жыныстарындағы жарықшақтар мен қуыстардың қабырғаларына тізбектеліп өседі. Түсі сары, қоңыр, кейде қызыл, алмастай жылтыр. Қатты 3,0, морт сынғыш, меншік салмағы 6,66 – 7,10 г/см3. Көбіне сульфидтік қорғасын-мырыш кендерінің тотығу белдемдерінде түзіледі. Ванидинит көп мөлшерде шоғырланғанда ванадий кентасы ретінде пайдаланылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Vanadinite |
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |