Версаль бейбіт келісімі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Версаль бейбіт келісімі
Одақтас және Біріккен ірі мемлекеттер мен Германия арасындағы бейбіт келісім

Ағылшын нұсқасының мұқабасы
Қол қойылды
— болған жері
28 маусым 1919 жыл
Версаль сарайындағы айна залы, Париж,  Франция
Күшіне енді
— шарты
10 қаңтар 1920 жыл
Германия мен үш негізгі одақтас ірі мемлекеттердің ратификациясы.
Қол қойылды Германия

Франция
Ұлыбритания Британ империясы

 АҚШ
Италия Патшалығы
Жапония

Қол қойғандар
Тілдер Француз тілі, Ағылшын тілі
Уикикітаптағы құжат мәтіні:
en:Treaty of Versailles

Версаль бейбіт келісімі (фр. Traité de Versailles; ағылш. Treaty of Versailles; нем. Versailler Vertrag) — 1919 жылы 28 маусымда болған Антанта (Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, АҚШ, Румыния, т.б.) елдері мен Германия арасындағы бітім шарт.

Версаль бейбіт келісімі 1920 жылы 10 қаңтар күні Германия және Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мемлекеттері ратификациялағаннан кейін күшіне енді. АҚШ сенаты келісімді ратификациялаудан бас тартып (Ұлыбритания мен Франция үкіметі бас- қаратын Ұлттар лигасына кіргісі келмегендіктен), 1921 жылы тамыз айында Германиямен жеке келісімге келді.

Версаль бейбіт келісімінде Ұлттар лигасының статусы қаралды, Германия, Бельгия, Люксембург, Франция, Швейцария, Аустрия, Чехословакия, Польша және Данияның шекаралары белгіленді. Эльзас пен Лотарингия облыстары Францияға қайтарылды, Саар облысы Ұлттар лигасының басқаруына 15 жылға берілді (кейінгі тағды- рын плебисцит шешетін болды), Клайпеда қаласы жецімпаз державалардың баскаруына берілді, Гданьск «ерікті қала» деп танылды. Бельгияның, Польша мен Чехословакияның шекаралары кеңейтілді. Германия Кеңес үкіметімен арадағы --Брест-Литовск бітімінен және өзінің барлық отарларынан бас тартуға міндеттенді.

Германия Версаль келісімінен кейін:      Ұлттар Лигасы басқаруындағы аймақтар      Көрші елдер аннексиялаған аймақтар      Германдық Веймар территориясы

Германияның соғыс кезінде одақтастарға келтірген шығынын есептейтін арнаулы комиссия кұрылды. Бұған қоса Германияның соғыс кезінде Түркия, Аустрия-Мажарстан, Ресей мен Румыниядан алған алтын және басқа да кұнды заттарды қайтаруы көзделінді. Әскери-техникалық мәселелер бойынша Германия 100 мың жауынгер, 4 мың офицер ғана ұстауға міндеттенді, Бас штаб институты қысқартылды. Рейннің сол жағы мен оң жағынан 50 км территория қару- сыздандырылған аймаққа жатқызылды. Германияның толық қарусыздануы барлық елдердің қаруларын шектеудің алғы шарттары болу керектігі атап көрсетілді.

Версаль бейбіт келісімі шешімімен Ұлттар лигасы құрылды. Оның мақсаты: бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және болашақтағы қарулы қақтығыстардың алдын алу болды. Ұлттар лигасына мүше мемлекеттер сырттан шабуыл жасалған жагдайда бір-біріне көмек корсетуге, карусыздану процесіне жағдай жасауға, өзара ашық дипломатиялық қарым- қатынас орнатуға міндеттелді. Міндеткерлік орындалмаған жағдайда Гаагадағы Халықаралық соттың шешіміне жүгінуге келісілді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х