Вольфганг Штаудте
Вольфганг Георг Фридрих Штаудте (9.1.1906 жылы Саарбрюккенде дүниеге келді.)-неміс кинорежиссері. Актер семьясында туған. Творчеств. Қызметін 1926 жылы актер ретінде «Фольксбюне» театрынан бастады;одан кейін М. Рейнхардт пен Э. Пискатордың труппаларында ойнады. 1931 жылы киноға ауысты. Фашизмге деген қарсылық және оны әшкерелеу,азаматтық адалдық пен принципшілдік- Штаудте қойған фильмдердің негізгі тақырыбы болып табылады. 1946 жылы режиссер З.Дудов, К.Метциг, Ф.Вольф т б-лармен бірге ГДР-дің «ДЕФА» киностудиясын ұйымдастыруға қатысты. «Кісі өлтіруші арамызда» (1948), «Ротация» (1949), «Нағыз сенімділер» (1951, Г.Манның шығармасы бойынша), «Прокурор мырзаға арналған гүл» (1959) және т.б. көркем фильмдерді қойды. 1954 жылдан ГФР киностудиясында қызмет етеді.