Вульфенит
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Вульфенит – молибдаттар класының минералы. Хим. формуласы Pb[МоО4]. Австрия минералогы Ф.Вульфеннің есімімен аталған. Кристалдары тетрагональдік сингонияда квадрат бейнелі, кейде сүйір дипирамида тәрізді болып түзіледі. Тұтас кристалдық агрегаттары өте сирек кездеседі. Түсі сары, сұр, қоңыр кейде қызғылт сары, қызыл, алмастай жылтыр. Қатт. 3, менш. салм. 6,3 – 7,0 г/см3. Қорғасын-мырыш кендерінің тотығу белдемдерінде кездеседі. Көп мөлшерде кездескенде В-тен молибден, қорғасын алынады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |