Ганга акуласы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ганга акуласы

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Шеміршекті балықтар
Кіші табы: Elasmobranchii
Ұлы сабы: Selachimorpha
Сабы: Carcharhiniformes
Тұқымдасы: Carcharhinidae
Тегі: Glyphis
Түрі: G. gangeticus
Екі-есімді атауы
Glyphis gangeticus
(J. P. Müller & Henle, 1839)

Синонимдері
  • Carcharhinus gangeticus (Müller & Henle, 1839)
  • Carcharias gangeticus (Müller & Henle, 1839)
  • Carcharias murrayi (Günther, 1883)
  • Eulamia gangetica (Müller & Henle, 1839)
  • Platypodon gangeticus (Müller & Henle, 1839)

Ганга акуласы тұщы суларда тіршілік етеді. Оның денесі жылтыр әрі қатты. Түсі- қоңыр сұр. Бұл акула ең алғаш рет Ганга өзенінен табылғандықтан Ганга акуласы деп аталып кеткен. Олар көбінесе жайылмаларда. суасты жертастарында және таза суларда уақытын өткізеді. Шапшаң жүзеді. Сондай- ақ олар 152 метрге дейінгі тереңдікке сүңги алады. Арқа жүзбеқанаты үшінші кеуде қанаттарының соңында және құрсақ жағында орналасқан.

Олар теңіздегі тасбақалармен, теңіз құстарымен, дельфин, шаян, асшаян, жұмсақ денелі бунақденелілер және теңіз ұлуларымен қоректенеді.

Дамуы, көбеюі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ганга акулалары ұрпақтарын тірідей туады. Буаздық мерзімі 10- 11 айды құрайды. Аналық акула 55- 60 см болатын 13 шақты акуланы өмірге алып келеді. Олардың жотасындағы артқы жүзбе қанаты алдыңғысына қарағанда кішірек болып келеді. Оның тұмсығы - доғал, ал көздері кішкентай.

Ганга акуласын мыны төменде көрсетілген жерлерде кездестіре аламыз

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2