Гемолимфа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гемолимфа (haemolympha; грек, haima — қан, лат. lymphaticus — лимфа) — көптеген омыртқасыз жануарлардың (буынаяқтылар, былқылдақ денелілер — моллюскалар) тұйықталмаған қанайналым жүйесі тамырлары мен жасушааралық саңлауларында үздіксіз ағып жататын сұйық.

Гемолимфа тұйық қанайналым жүйесі болатын адам мен жануарлардағы (омыртқалы жануарлар, кейбір құрттар) қан мен лимфаның қызметтерін атқарады. Ол қан мен лимфа тәрізді жасушалардан (пролейкоциттер, фагоциттер, экскреторлы жасушалар т.б.) және жасушааралық заттан (плазмадан) тұрады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9