Гермес
Гермес – сауда-саттық, ақылдылық, ептілік және шешендіктің құдайы. Жаршылардың, елшілердің, малшылардың, сиқыршы мен алхимияның және астрологияның қорғаушысы, қолдаушысы. Құдайлардың елшісі, өлген жандарды Аидтың жер асты әлеміне өткізеді. Өлшемдерді, сандарды ойлап шығарып адамдарды үйреткен.
Аңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еш жан да Герместі ептілікпен, ақылдылықпен, ұрлықта және жәдігөлік пен асып түскен жоқ.
Зевс пен Майя плеядасының баласы. Гермес айдың төртінші күнінде, Киллена тауының үңгірде туған. Басқа нұсқада Керикон тауында туылды.
Гермес тәрбиеленген, жабайы жер ағашының қалдықтары Тангарда сақталып жатыр. Тау нимфалары Герместі Трикрена бұлағында жуындырған.
Ең бірінші ұрлықты, ол жөргекте жасаған. Ол бесігінен шығып Пиерияға барған. Ол Пиерияда, Аполлон бағып жүрген 50 сиырды айдап кетті. Оларды таппау үшін ол аяқтарына таяқ байлап қойып, үңгірде тығып қойған. Ал өзі үлкен тасбақаның қабыршағынан және екі өлген сиырлардың ішегінен, Хелидорея тауында лира жасаған. Лирада 7 ішек болған.
Аполлон болса сиырларды іздеп Пилосқа барды. Ол тұрғындардан сұрастырып, сиырларды бала ұрлағанын біледі. Сиырларды кім ұрлағанын біліп, Герместі ұрлықта кінәләу үшін Майяға барады. Анасы жөргекте жатқан баланы көрсетеді. Апаллон Герместі Зевске апарады. Әкесінің сұрақтарынан кейін, Гермес сиырлардың қайда екенін айтады. Ал өзі жақын жерде отырып лирада ойнай бастайды. Аполлонға лира өте қатты ұнады. Ол Гермеске келісім ұсынды. Ол лира үшін өзінің 50 сиырын айырбастауға дайын болды.
Кішкентай бала болып, ол Зевстің скипетрін, Посейдонның үш ашалы айырын, Гефесттің шымшуынын, Афродитаның белдігін, Аполлонның садағын және Арестің қылышын ұрлаған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гермес // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Hermes |