Гильгамеш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гильгамеш

Гильгамеш (Аккадша: 𒄑𒂅𒈦 — Гілгамеш, Gilgameš; Шумерше: 𒄑𒉈𒂵𒈩 — Білгамеш, Bilgamesh[1][2]) – біздің дәуірімізге дейінгі XXVII ғ. аяғы мен XXVI ғ. басында өмір сүрген шумердегі Урук қаласы билеушісі. Оны өлгеннен кейін ғана құдай деп санай бастаған. Үштен екісі құдай, үштен бірі ғана – адам деп есептелген Гильгамеш 126 жылға жуық уақыт билік құрған.

Бастапқыда оның есімі басқаша аталған. Оның есімінің шумерлік нұсқасы, тарихшы ғалымдардың пікірнше, «батыр баба» деген мағына беретін «Бильга-мес» сөзіне келеді.

Гильгамеш туралы хикая

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күшті,батыл,өткір мінезді Гильгамештің бойы да еңгезердей екен, өзі жауынгерлік өнерді жақсы көріпті. Урук тұрғындары құдайлардан тілеп, соғысқұмар Гильгамешті ақылға келтіруді өтінеді. Сол кезде құдайлар алыптың арынын басар деген үмітпен Энкиду деген жабайы адамды жаратады. Энкиду Гильгамешпен жекпе – жекке шығады, бірақ батырлар күштерінің тек екенін бірден байқайды. Олар достасып, көптеген ерен ерліктерді бірге жасайды.

Бір күні олар самырсын еліне аттанады. Алыстағы бұл елде бір таудың шыңында Хувава дейтін зұлым дәу тұрыпты. Ол адамдарға көп зардап шектіріпті. Батырлар дәуді жеңіп, басын кесіп алады. Бірақ құдайлар олардың бұл қылықтарына ашуланып, Инаннаның ақылымен Урукке құбыжық бұқаны жібереді. Инанна әрдайым көңіл білдіріп жүрсе де, назар аудармай қойған Гильгамешке бұрыннан ызалы еді.

Алайда Гильгамеш Энкидумен бірге бұқаны өлтіріп тастайды да, бұл іс құдайларды одан әрмен күйіндіреді. Батырдан кек алу үшін, құдайлар оның досы Энкидуды өлтіреді. Гильгамеш үшін бұл ең сұдық қасірет болды. Досының өлімінен кейін Гильгамеш Ут – Напишти деген ажалсыз адамнан мәңгі өмірдің құпиясын білуге аттанады. Ол қонағына бүкіләлемдік су тасқынынан қалай тірі қалғанын айтып береді. Қиындықтарды жеңудегі дәл осы табандылығы үшін, құдайлар оған мәңгілік өмірді сылағанын баяндайды. Ажалсыз адам Гильгамешке ақыл беруді құдайлар қолдамайтынын білді. Бірақ, бақытсыз батырға көмектескісі келіп, оған мәңгі жастық гүлінің құпиясын ашты. Гильгамеш құпия гүлді тауып алады. Оны енді жұлып алайын дей берген сәтінде, гүлді жылан қақшып алып, дереу жап – жас жыланға айналып кетеді. Салы суға кеткен Гильгамеш Урукке қайтып оралады. Бірақ қаланың жақсы бекінгендігі мен гүлденіп жатқандығы көңіліне медеу болады. Урук тұрғындары оның келгеніне қуанады.

Гильгамеш туралы хикая адамның мәңгі өмірге ие болуға ұмтылуы бос әурешілік деген ойды аңғартады. Адамның игілікті істері мен ерліктері туралы жұртшылық балалары мен немерелеріне айтып отырғанда ғана, ол тек халықтың жадында мәңгі өмір сүре алмақ.

Гильгамеш эпосы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Гильгамеш жайлы эпос

Гильгамеш туралы эпос (грекше «сөз, хикая, әңгіме») біздің дәуірімізден 2500 жыл бұрын қыш тақташаларға жазылған. Гильгамештің жасаған ерліктері туралы баяндайтын бес эпостық жыр сақталып қалған.

Гильгамеш туралы аңыз табиғаттың қаһарлы күштері кейпіндегі зұлым құдайлар жіберген барлық сындардан өтіп, өз мақсатына ұмтылған батырдың ерлігін, өмірге құштарлығын жыр етеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. George Andrew R. The Babylonian Gilgamesh Epic – Introduction, Critical Edition and Cuneiform Texts — reprint. — Oxford: Oxford University Press. — Vol. vol. 1 and 2. — P. 163. — ISBN 978-0198149224.
  2. http://www.dictionary.com/browse/gilgamesh "Gilgamesh". Random House Webster's Unabridged Dictionary

Әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әпсамалар, Балалар энциклопедиясы РОСМЭН. Мәскеу, Росмэн, 2012.