Дартс
Дартс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл ойын XV ғасырда Генрих VII королінің Англия мемлекетін басқару кезінде пайда болды. Оның әйелі аң аулауды жақсы көрген. Өз әйеліне қорыққан король оған аң аулаудың орнына өгіздің суретіне дротиктерді лақтыруды ұсынды.Сол себептен ағылшындар қазіргі уақытқа дейін нысананың ортасын өгіздің көзі деп атайды.Қазіргі кездегі дротиктер найзаға ұқсамаған-кішкентай әрі әдемі, ал магниттік ұштық ойынды жеңілдетеді. Қазіргі кезде дартс ойының бала да, үлкен де бүкіл әлемде жақсы көреді. Оны ойна отырып ешкім корольдің аң аулауын ойға түсірмейді.
Нысана
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нысана көбінесе сизальдан жасалады. Бірақ та Азияның кейбір елдерінде, мысалы Қазақстанда жылқының шашынан жасалған нысаналар кеңейтілген. Нысананы сизальдан жасауды ең бірінші Nodor компаниясы ұсынды. 1932 жылы ең бірінщі сизальдан жасалған нысана пайда болды. Нысаналар Кенияда және Қытайда өндіріледі. Ол елдерде шикізат өте көп. Нысана секторлерге бөлінген, 1-ден 20-ға дейін.
Нысананың биіктігі және оған дейінгі ара-қашықтық
Стандартты ойында нысана 1,73 метр биіктікте болу керек, ал нысананың ойыншылар дротиктерді лақтыратын сызықтан ара-қашықтығы 2,37 метр болу керек.
«даблдың» және «треблдың» ішкі ені 8 мм. «буллдың» ішкі ені 12,7 мм. сыртқы орталық сақинаның ішкі диаметрі 31,8 мм. нысананың ортасынан «дабл» сақинасының сыртқы жағына дейін ара-қашықтық 170,0 мм. нысананың ортасынан «требл» сақинасының сыртқы жағына дейін ара-қашықтық 107,0мм.
Дротик
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойыншылар стандарт бойынша массасы 50 граммнан кем дротиктерді пайдаланады. Әуесқойларға массасы 50 граммнан артық дротиктерді пайдалануға болады, бірақ та ондай дротиктерді сайыста қолдануға болмайды, сайыс кезінде қолданса, ойыншы жарысты жалғастыру құқығынан айырылады. Ойыншылар көбінесе массасы 19-25 грамм аралығындағы дротиктерді пайдаланады. Қазіргі кезде дартс инвентарін шығаратвн Unicorn, Harrows, Nodor, Winmau компаниялары әлгілі. Профессионал ойыншылар көбінесе вольфрам мен никельден жасалған дротиктерді пайдаланады.
Ережелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Стандартты нысана 20 секторге бөлінген, көбінесе түстері ақ және қара болады. Әр қайсысына 1-ден 20-ға дейін саны берілген. Ортада «булл» орналасқан. Оған тисе 50 ұпай беріледі, оның сыртындағы жасыл сақинаға тисе 25 ұпай беріледі. «Дабл» сақинасы сектордың саның екі есе арттырады, «требл» сақинасы сектордың саның үш есе арттырады. Ол сақиналар дәстүрлі қызыл және жасыл түстерге боялады. Әр ойыншы бір кезекте 3 лақтыру жасайды. Одан кейін кезек келесі ойыншыға келеді. 3 лақтырудан жиналған максммал ұпай саны 180.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"365 рассказов об удивительных открытиях" кітабы.