Мазмұнға өту

Дедуктивті пайымдау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дедуктивті пайымдау (немесе Дедуктивті логика, ағылш. Deductive reasoning, лат. deductio — бөліп шығару) — сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше алғышарт (premise) пайымдардан жаңа бір логикалық қорытынды (logical consequence) шығару әдісі.[1][2]

Дедуктивті пайымдау — білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, қорытындылардың алғышарттардан шығарылуы. Ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты. Психология дедуктивті пайымдаулардың дамуы мен бұзылуын зерттейді. Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек жалпыға қарай қозғалысы оның барлық психикалық процестермен, тұтас алғандағы ойлау қарекетінің құрылымымен шарттастылығында талданады. Дедукциялық пайымдауларды эмпириялық зерттеулердің, мысалы, алғышарттарға және олардан шығатын қорытындыларға деген сенімнің талдануы болып табылады. Дедукция - жалпы білім негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой қорытындыларын пайдалану. Мұнда материалға сәйкес логикалық процесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. Дедукция - жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі немесе одан көп пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару.[3]

Дедукцияның келесі бір түсінігі бойынша, дедукция дегеніміз бастапқы пайымдаулар (алғышарттар) жиынтығынан қажетті шығарылатын салдарларды алатын рационалды танымның әдісі. Дедукция процесінде пікірлердің тек логикалық қатал, әдепті (корректный) амалдары – логикалық формалары − ақиқатты алғышарттардан ақиқатты салдарларды алуға кепіл беретін дедуктивтылы пікірлер деп аталатындар пайдаланылады. Дедуктивтік әдістің сипатты ерекшелігі мынада: шығарылатын пікірдегі ақпарат (информация) бастапқы пайымдаулардың тұтас ақпаратының бөлігін құрайды. Дедукцияның мәнін осылай түсіну оның (д.) жалпыдан жалқыға ауысу ретіндегі дәстүрлі көзқарасқа маңызды дәлелдеме (анықтау) береді. Дедукция әдісін негіздеуге фр. философы, математигі, физигі, физиологы Рене Декарт үлкен үлес қосты, ал оның аппаратын (ғылыми түсініктерін, терминдерін, категорияларын) жасаумен ғылым ретінде пайда болған кезінен бастап логика айналысады (аристотельдік, дәстүрлі логика).[4]

Дедукцияны Бринкерхов Д., Уейтс Р., Ортега С. теориядан алынған гипотезаларды тексеру арқылы теориядан деректерге көшу процесі деп көрсеткен.[5] Сондай-ақ, дедукция деп жалпылау, ойлаудың жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығаруын айтады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.Дедукция, профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  3. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
  4. Зағыпаров Қ.Ф. Философиялық терминдердің сөздігі. - Павлодар: ПМПИ, 2011. – 138 б.
  5. Бринкерхов Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, 9-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл -464 б.