Джеймс Чедвик
Джеймс Чедвик(Chadwick) (20.10.1891, Манчестер,-24.7.1974)-ағылшын физигі, Лондон корольдық қоғамының мүшесі (1927). Э.Резеорфордтың оқушысы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Манчестер және Кембридж университеттерін бітірген. 1923-1935 ж. Кембридж университетінде сабақ берді. Кавендиш лабораториясы директорының орынбасары болды. 1935-1948 ж. Ливерпуль университетініе профессоры. 1948 жылдан Кембридж университетінің Гонвил және Киз колледжінің директоры.
Еңбектері мен зерттеулері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Чедвиктің еңбектері негізінен атом ядросы физикасына арналған. Ол 1920 ж. платина, күміс және мыс ядроларының α-бөлшекті шашыратуын бақылады. Мұның нәтижесінде Чедвик ядролардың зарядын тікелей өлшеді. Сөйтіп атомның Резерфорд жасаған теориясын дәлелдеп берді. Чедвик 1932 ж. нейтронды ашып, 1934-1935 ж оның массасының дәлірек мәнін анықтады. 1943-1945 ж . Лос-Аламос (АҚШ) лабораториясында атом бомбасының жобасын жасау жұмысымен айналысқан ғалымдар тобын басқарды.
Сыйлықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нобель сыйлығының лауреаты (1935).
Қолданылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 100-101 бет
|