Джулиан Ассанж
Джулиан Ассанж(ағылш. Julian Paul Assange [əˈsɑːnʒ]; р. шілденің 3 1971 жылы, Таунсвилл) — Аустралия интернет тілшісі, Уикиликс торбетінің негізін салушы. Аустралиядағы «Сидней бейбітшілік қоры» осы елдің азаматы, «Уикиликс» интернет сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжды «құқық қорғау саласындағы қызметі» үшін «Сидней бейбітшілік сыйлығымен» марапаттады.
«Сидней бейбітшілік қоры» Ассанждың «саяси саладағы ғасырлар бойғы қалыптасқан құпиялылықты шайқалтып, азаматтардың ақпарат алу еркіндігін қорғаудағы қызметін» атап көрсеткен[1]
Швеция үкіметі оған «әйел зорлаған» деген айып тағып отыр. Бірақ Ассанж бен оның жақтастары АҚШ үкіметінің құпия жазбаларын жариялағаны үшін «Уикиликс» сайтының авторлары қудалауға түсті деп біледі.
2011 жылы ақпанда Ұлыбритания соты Джулиан Ассанжды Швецияға экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Бірақ Асанждың адвокаттары онымен келіспей, аппеляциялық шағым беретінін мәлімдеді. Швецияда бірнеше әйел жыныстық қатынасқа итермелеп, зорлады деп оның үстінен шағым түсірген. Ассанж болса мұның жала екенін айтады. Сондықтан, адвокаттары швеция құқық қорғаушыларының әрекетінен саяси астар іздеп отыр.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Julian Assange |