Дижестив

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Итальяндық дижестивтер амаро тобынан

Дижестив (лат. digestivus, фр. digestif – ас қорытуға әсерін тигізетін зат) – ас соңында берілетін сусындардың жалпы атауы. [1]

Дижестив астың қорытылуына көмектеседі деп саналады. Орта ғасырларда спирт тек медициналық мақсаттарда пайдаланылса, Францияда астың аяғында шарап, қант негізіндегі сусын ішкен.

Дижестивке ликер және бальзам, сондай-ақ херес, мадера, портвейн – күшті шараптары жатады. Тамақты тоя жегеннен кейін жеңіл шараптар астың қорытылуына көмегін тигізбейтіндіктен, күшті сусындар пайдаланылады. Сондай-ақ кейбір коктейль түрлері дижестив ретінде қолданылады. Шай, я болмаса кофе сияқты алкогольсіз сусындар дижестив болып саналмайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B8%D0%B6%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%B2