Динка (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Динка
дженг
Бүкіл халықтың саны

3 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Судан

Тілдері

динка тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Динка (кейде джең деп те аталады, дин. Jiɛ̈ɛ̈ŋ, ағылш. Dinka people; Jieng) — Оңтүстік Суданда, Ақ Нілдің екі жағалауында тұратын халық.[1] Олар шығыс және батыс динкалар болып екіге бөлінеді, халық саны – 3 млн адам.[2]

Олар динка тілінде (тондженг) сөйлейді, диалектілер тайпалық бөлініске сәйкес келеді: паданг, агар, бор, рек.

Көпшілігі ежелгі дәстүрлі нанымдарды сақтайды, кейбірі христиандар.[3]

Орман саваннасында тұратын батыс динка шаруашылығының негізгі салалары мал шаруашылығы (ірі қара мал, негізінен ақ ұзын мүйізді зебу, қой, ешкі) және қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, жүгері, бұршақ, асқабақ және басқа да тамыр дақылдары) болды. Тауарлы дақылдар (мақта, темекі). Дала саваннасында өмір сүретін шығыс динкалары көшпелі мал шаруашылығын сақтап қалды, егіншілікпен тұрақты айналыспайды. Шығыс динкалардың ішінде мал шаруашылығымен ерлер, егіншілікпен және үй шаруашылығымен әйелдер айналысады. Жастар жыл бойы малмен бірге жүреді. Қолөнерден - ұсталық (бұрын – темір балқыту), еңбек құралдарын жасау, қару-жарақ, былғары, тоқыма, керамика, киім, зергерлік бұйымдар жасау дамыған.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоғамдық ұйымда қоғамның жастық таптарға бөлінуімен ұштасқан патриархалдық-генеологиялық байланыстарға негізделген рулық сегменттік-тектік құрылым бар. Дәстүрлі наным-сенімдер: ата-бабалар культі және құдай байланыстыратын табиғат күштер, тотемизмнің қалдықтары. Динкалар мифтерді, тарихи эпостарды, музыкалық және би фольклорын сақтаған.

Шығыс динкалардың төбешіктерде шашыраңқы орналасқан шағын қоныстары болса, батыс динкалардың қоныстары орман шетінде орналасқан. Динкалардың тұрақты мекені - бұл төбесі конустық сабаннан жабылған дөңгелек үйшіктер. Қабырғалары саз, терезелері жоқ.

Ерлердің дәстүрлі киімі – екі ұшы сол жақ иығына түйінге байланған мата. Бұрынғы әйелдер алды-артына қысқа былғары алжапқыш кисе, қазір ұзын, кең көйлек киеді. Зергерлік бұйымдар: ағаштан, мыстан, піл сүйегінен жасалған білезіктер.

Дәстүрлі тағамдары - көбіне қышқыл сүт, сүт өнімдері, қан қосылған сүт қоспасы, көкөніс пен сары май қосылған көкөніс ботқасы, етті сирек жейді.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]