Дирижер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лорин Маазель

Дирижер (фр. dіrіger – бағыттау, басқару) – музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші. Ол музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына бет құбылысы, қас-қабақ, көзқарасы мен ым, қол қимылдары, яғни қалыптасқан дирижерлік тіл арқылы жетекшілік жасайды.


Музыканттарды шабыттандырып, қол қимылдарына негізделген белгілі бір тәртіп пен жүйеде басқарады. Ол орындаушылардың ансамбльдік үйлесімі мен орындаушылық шеберлігін қамтамасыз етіп, шығармаға өзінің көркемдік түсінігі беруге тырысады. 18 ғасырда вокалдық немесе аспаптық капелланың, сондай-ақ, операның, кейін әскери үрмелі аспаптар оркестрінің дирижерлері капельмейстер деп аталды. 19 ғасырда симфониялық оркестрлердің дирижерлері арагідік осылай атала бастады. Хор басқарушысы хор дирижері немесе хормейстер, ал христиандардың шіркеу хорының дирижері регент деп аталады. Қазақстандағы ұлттық дирижерлік өнердің туып, қалыптасу тарихы Қазақ ұлт аспаптары оркестрін құрып (1934), алғашқы дирижері болған А.Жұбанов есімімен байланысты. Сондай-ақ дирижерлер - Л.М.Шаргородский, Ш.Қажығалиев, Е.Г. Брусиловский, С.Шабельский, Р.Кацман, А.Мырзабековтерді атауға болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8