Ер жүрек
Ер жүрек | |
ағылш. Braveheart | |
Жанры |
тарихи драма |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері |
Мел Гибсон |
Сценарийдің авторы |
Рэндалл Уоллес |
Композиторы | |
Дистрибьютор | |
Ұзақтығы |
178 мин. |
Бюджеті |
$72 млн |
Кассалық түсімі |
$210 409 945 |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb |
Ер жүрек (ағылш. Braveheart) — Шотландияның өз тәуелсіздігі үшін ағылшын мемлекетіне қарсы күресі жайлы фильм. Фильмнің негізгі кейіпкері — Мел Гибсон ойнаған Уильям Уоллес, шотландтықтар көшбасшысы . Бұл фильм 1996 жылы Оскар сыйлығының 10 номинациясы бойынша ұсынылып, соның 5 ұтып алды, соның ішінде «Оскардың» 1995 жылдың «ең мықты» фильмы атағы.
Аннотация
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фильмдегі оқиға 1280 жылы басталады. Бұл Ұзынаяқты Эдуард ағылшын королі кезіндегі шотландық аты аңызға айналған ұлттық батыры Уильям Уоллес жайлы әңгіме. Ол ағылшын әскері қолынан қаза тапқан әкесінен ерте айрылғанда ағасы оған Еуропадан жақсы алдырады. Уильям (Мел Гибсон) отанына ересек болғанда, жанұя құрып бейбіт өмір сүру үшін оралады. Бірақ тағдырдың тәлкегімен оның сүйіктісін ағылшындар өлтіргендіктен ол азаттық жолында күресін бастайды.
Рөлдерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мел Гибсон — Уильям Уоллес
- Софи Марсо — Принцесса Изабелла
- Пэтрик МакГуэн — Король Эдуард I
- Кэтрин МакКормак — Маррон
- Ангус Макфадьен — Роберт Брюс
- Брендан Глисон — Хэмиш
- Джеймс Космо — Хэмиш әкесі
- Алан Армстронг — Морнэй
Түсіру тобы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Режиссёр — Мел Гибсон
- Сценарий авторы — Рэндалл Уоллес
- Продюсеры — Брюс Дэйви, Мел Гибсон, Элан Лэд, Стивен МакЭвити
- Сазгер — Джеймс Хорнер
- Оператор — Джон Толл
- Монтаж — Стивен Розенблюм
Фильм Блайнд Харридың 15 ғасырдағы эпикалық поэмасына негізделіп түсірілген. Рэндал Уоллес өз фильм сценариясы жазбасыы сынағандарға „Блайнд Харри шын ба? Білмеймін. Білетінім ол менің жүрегіме жеткізгені, сол маңызды...“ деген екен. [1] Гибсонның Icon Productions компаниясы Мел Гибсонның өзі басты рөлді сомдайын деп тұрса да фильмді қаржыландыру жағынан қиыншылық көріп тұрғанда егер Гибсон Апатты қару тағы сиквелына түсуге шартқа барса ғана Warner Bros. қаржыландыруға дайын екенін білдірді, Гибсон одан бас тартты. Paramount Pictures «Ер жүректі» тек АҚШ пен Канада аймақтарында таратуға ғана келіссе 20th Century Studios халықаралық таралымға қаржыландырды.[2]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ер жүрек (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Anderson, Lin. "Braveheart: From Hollywood to Holyrood." Luath Press Ltd. (2005): 27.
- ↑ Michael Fleming. Mel tongue-ties studios, Daily Variety (25 шілде 2005).
|