Жеңіл музыка

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Атақты джаз орындаушысы Луи «Сэчмо» Армстронг

Жеңіл музыка — тыңдаушы қауым жеңіл түсінетін, ойын-сауық мақсатына арналған музыкалық шығарма. Оның ерекше белгілері — әуенінің түсініктілігі мен есте тез сақталуында әрі мазмұны мен формасының қарапайымдылығында. Жеңіл музыка, әдетте, ойнақы, көңілді, айқын ырғақты болып келеді. Жеңіл музыка, негізінен, би музыкаларының әр алуан жанрын — марштар мен шағын увертюраларды, сюиталар мен рапсодияларды, оперетталар мен балеттердің тақырыбына жазылған попурри, фантазияларды, эстрадалық әндер мен романстардың кейбір түрлерін қамтиды. Жеңіл музыка қазіргі заман музыкасында кең орын алады. Оның негізгі бір саласы — джаз. Қазіргі композиторлар осы жанрдың көркем дәстүрін дамыту жолында еңбек етіп келеді. 1958 жылдан жеңіл музыканың халықаралық фестивальдары өткізіліп тұрады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы,3 том