Жоңышқа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жоңышқа (Medіcaqo)
Сарыбас Жоңышқа

Жоңышқа (лат. Medicago) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді шашақ. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”, т.б. Жоңышқа – ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері – жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т.б.; аурулары – ақұнтақ, тат кеселі.[1]

ЖОҢЫШҚА (TRIFOLIUM КЛЕВЕР) – бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы Trifolium, “үшжапырақ“ дегенді білдіреді. 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады. Жаз бойы гүлдейді. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады.

Жарықта өседі. Тіке түскен күн сәулесіне төзімді.

Жылылықты ұнатады.

Суғарылуы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жазда молынан, қыста азырақ суғарады.

Ылғалдылығы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ылғалды ұнатады.

Қоректендірілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Толық минералды тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіреді.

Ауруға аса көп шалдықпайды.

Көбейтілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұқымы арқылы көбейтіледі. [2][3]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
  2. "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
  3. "Қазақ Энциклопедиясы"