Жылдам пернелер
Жылдам пернелер (ағылш. shortcut key) — мәзірге кірмей-ақ, кейбір командаларды жылдам шақыратын перне немесе пернелер комбинациясы.
Пернелердің түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесідей топтарға бөлінеді:
- Енгізу пернелері (әріптік-цифрлық) — мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер.
- Басқару пернелері — бұл пернелер жеке түрінде немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне және ESC қолданылады.
- Функционал пернелер — арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12 дейінгі пернелер тізбегінен тұрады. Түрлі бағдарламаларға қатысты бұл пернелердің қызметтері әр түрлі болып келеді.
- Орын ауыстыру пернелері — бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және тексті түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер,сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады.
- Сандық бөлік — бұл пернетақта сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес топталып жинақталған.
Үш негізгі қосымша пернелер:
- PRTSCN (немесе PRINT SCREEN) – экран бетін суретке түсіріп, оны компьютер жадысындағы алмасу буферіне көшіреді. Оны Microsoft Paint немесе басқа бағдарламаға сурет ретінде қойып (CTRL+V), сол бағдарлама арқылы баспаға беруге болады.
- SCRLK (немесе SCROLL LOCK) – бұл пернені басу көптеген бағдарламаларға әсер етпейді. Бірақ кейбір бағдарламаларда оны басу бағыттауыш пернелердің, PAGE UP және PAGE DOWN әрекетін өзгертеді; бұл пернелерді басу белгіленген фрагмент немесе курсор қалпын өзгертпестен құжатты айналдыру мүмкіндігін береді. Пернетақтада бұл перненің қосып/өшірілуі түстік индикатормен көрсетіледі.
- PAUSE/BREAK – бұл перне көп қолдана бермейді. Кейбір ескі бағдарламаларда бұл пернені басу бағдарламаны тоқтатады немесе CTRL –мен бірге басу оның орындалуын тоқтатады.
Ең негізгі қолданылатын пернелер жиынтығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пернелер Орындалатын әрекеттер
- ⇧ Shift + CTRL немесе ⇧ Shift + ALT Пернетақтадағы баспа әріптер ретін өзгерту
- CTRL + C Белгіленген элементті көшіру
- CTRL + X Белгіленген элементті қиып алу
- CTRL + V Белгіленген элементті қою
- CTRL + Z Әрекетті кері қайтару
- CTRL + Y Әрекетті қайталау
- CTRL + S Ағымдағы файлды немесе құжатты сақтау
- ⇧ Shift + DELETE Белгіленген элементті «Себетке» орналастырмастан жою
- CTRL + HOME Құжаттың басына ауысу
- CTRL + END Құжаттың cоңына ауысу
- CTRL + → Курсорды келесі сөздің басына орналастыру
- CTRL + ← Курсорды алдыңғы сөздің басына орналастыру
- CTRL + ↓ Курсорды келесі абзацтың басына орналастыру
- CTRL + ↑ Курсорды алдыңғы абзацтың басына орналастыру
- CTRL + ⇧ Shift + бағытшалары бар пернелер Текст фрагменттерін белгілеу
- ⇧ Shift + бағытшалары бар кез-келген перне Жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше элементтерді белгілеу, сондай-ақ, құжатта тексті белгілеу
- CTRL + бағытшалары бар кез-келген перне + БОС ОРЫН Жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше жеке элементтерді белгілеу
- CTRL басып тұрып, тышқан көрсеткіші арқылы таңдау Бірнеше элементтерді еркін түрде таңдау
- ⇧ Shift басып тұрып, тышқан көрсеткіші арқылы таңдау Бірнеше элементтерді жұмыла таңдау
- CTRL + A Терезедегі немесе құжаттағы барлық элементтерді белгілеу
- ALT + F4 , CTRL + W Ағымдағы терезені жабу немесе белсенді болып тұрған бағдарламадан шығу
- ALT + БОС ОРЫН Белсенді болып тұрған терезенінің қосымша мәзірін ашу
- CTRL + F4 Белсенді болып тұрған құжатты жабу(біруақытта бірнеше құжаттарды ашатын бағдарламаларда қолданылады)
- ALT + Tab ⇆ Бір элементтен келесі элементке көшу
- CTRL + ALT + Tab ⇆ Бағыттауыш пернелерді қолдану арқылы бір элементтен басқа элементке көшу
- CTRL + тышқанның айналма жүгірткіші Жұмыс үстеліндегі белгішелер өлшемін өзгерту
- ALT + ESC Элементтерді ашылған реті бойынша циклді түрде ашып, алмастыру
- ⇧ Shift + F10 Белгіленген элементтің қосымша мәзірін ашу
- CTRL + ESC «Бастау»(«Пуск») мәзірін ашу
- ALT + көрсетілген әріп Сәйкес менюді көрсету
- ALT + ↑ Windows жетектегішінде бір дәреже жоғары тұрған буманы қарап шығу
- CTRL + ⇧ Shift + ESC , CTRL + ALT + DELETE Тапсырмалар диспетчерін ашу
Компакт-дискті қойған кезде ⇧ Shift пернесін басу Компакт-дискіні автоматты түрде ойнату режиміне көшу
- Alt + PrintScreen Белсенді болып тұрған терезені ғана суретке түсіреді
- ⇧ Shift + PrintScreen Экранды баспаға беру
Windows белгісі бар пернемен бірге басылатын пернелер жиынтығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Win «Бастау»(«Пуск») мәзірін ашу және жабу
- Win + PAUSE Операциялық жүйенің қасиеттері туралы терезені ашу
- Win + D Жұмыс үстелін көрсету
- Win + M Барлық терезелерді жинақтау(Свертывание)
- Win + ⇧ Shift + M Жұмыс үстеліндегі барлық жинақталған терезелерді қалпына келтіру.
- Win + E «Менің компьютерім» белгісін ашу
- Win + F Файлдар мен бумаларды іздеу
- Win + F Компьютерлерді іздеу (желіге қосылған жағдайда)
- Win + L Компьютерді құлыптау немесе қолданушыларды алмастыру
- Win + R «Орындау»( «Выполнить») сұхбат терезесін ашу
- Win + U Арнайы мүмкіндіктер орталығын(Центра специальных возможностей) ашу
Windows жетектегішінде бірге басылатын пернелер жиынтығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Келесі кестеде Windows жетектегішінде бумалармен, терезелермен жұмыс істеуде қолданылатын пернелер үйлесімділігі көрсетілген: Пернелер Орындалатын әркеттер CTRL+N Жаңа терезе ашу CTRL+SHIFT+N Жаңа бума құру END Белсенді терезенің төменгі жағына көшу HOME Белсенді терезенің жоғарғы жағына көшу ALT+ENTER Белгіленген элементтің қасиеті туралы сұхбат терезені ашу ALT + Сол жақтағы бағыттауыш «←» Алдыңғы буманы қарап шығу ALT + Оң жақтағы бағыттауыш «→» Кейінгі буманы қарап шығу CTRL+E Іздеу жолын таңдау Win+Shift+әріптер Басылған әріптен басталатын бума немесе файлды белгілеу
Shift+Enter Белгіленген буманы жаңа терезеде ашу
Символдарды түзету
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пернелер Орындалатын әрекеттер
- CTRL + ⇧ Shift + F Шрифтты таңдау
- CTRL + ⇧ Shift + P Шрифт өлшемін таңдау
- CTRL + D Шрифттарды өзгерту терезесін ашу
- ⇧ Shift + F3 Әріптер регистрін өзгерту
- CTRL + B Символдарды қалың шрифтпен(жирный) жазу
- CTRL + U Символдарды асты сызылған шрифтпен(подчеркнутый) жазу
- CTRL + ⇧ Shift + W Символдардың астын сызу, бірақ бос орындар сызылмайды
- CTRL + ⇧ Shift + D Символдардың астын екі сызықпен сызу
- CTRL + ⇧ Shift + H Жасырын текстке айналдыру
- CTRL + I Символдарды курсивті шрифтпен жазу
- CTRL + ⇧ Shift + K Барлық әріптерді кіші әріппен жазу немесе бұрынғы қалпына келтіру
- CTRL Жоғарғы индекске айналдыру
- CTRL + ПРОБЕЛ Белгіленген символдардан қосымша форматтауды алып тастау
- CTRL + ⇧ Shift + Q Белгіленген символдарды Symbol шрифтімен форматтау
- ⇧ Shift + F1 Символдар форматтары туралы ақпаратты шығару
- CTRL + ⇧ Shift + C Форматтауды көшіру
- CTRL + ⇧ Shift + V Форматтауды қою
Абзацтарды форматтау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- CTRL + 0 (нөл) Ағымдағы абзацтағы мәтінді бір жол төмен түсіру немесе қалпына келтіру.
- CTRL + E Абзацты ортасы бойынша(по центру) түзету
- CTRL + J Абзацты ені бойынша(по ширине) түзету
- CTRL + L Абзацты сол жақ бойынша(по левому краю) түзету
- CTRL + R Абзацты оң жақ бойынша(по правому краю) түзету
- CTRL + M Сол жақтан шегініс(бос орын) тастау
- CTRL + ⇧ Shift + M Сол жақтағы шегіністі(бос орын) жою
- CTRL + T Аралық (выступ) тастау
- CTRL + ⇧ Shift + T Аралықты азайту
- CTRL + Q Белгіленген абзацтардан қосымша форматтауды алап тастау
- CTRL + ⇧ Shift + S Стильді қолдану
- CTRL + ⇧ Shift + N <Обычный> стилін қолдану
- CTRL + ⇧ Shift + L <Список> стилін қолдану
Құжаттармен жұмыс істеу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пернелер Орындалатын әрекеттер
- CTRL + N Жаңа құжат құру
- CTRL + O Құжаттарды ашу
- CTRL + W немесе CTRL + F4 Құжаттарды жабу
- ALT + CTRL + S Құжат терезесін бөлу
- CTRL + S немесе ⇧ Shift + F12 Құжатты сақтау
- CTRL + P Құжатты баспаға беру
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |