Жұмсақ ойыншықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жұмсақ ойыншықтар — іші сабанмен, мақтамен және т.б. заттармен толтырылған ойыншық жануарлар немесе қуыршақтар. Бұрынғы кезде жұмсақ ойыншықтар ауланған аңдардың терісінен жасалған.

  • Технология жақсы дамыған қазіргі заманда жұмсақ ойыншықтар көбіне синтетикалық материалдардан (синтефон, паралон, т.б.), мақтадан немесе соған ұқсас материалдардан жасалады. Сондықтан да бұл ойыншықтар "жұмсақ" деген ат берілген.
  • Алғаш рет Германиядағы "Штайф" компаниясы шығарған жұмсақ қонжық- XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы ең танымал жұмсақ ойыншықтардың бірі. Батыс Еуропа мен Америкада бұл ойыншық "тедди" деген атпен белгілі. "Тедди" аюы бүлдіршіндер арасында өте танымал. Ол балалардың көңіл күйін жақсы көтереді. Сол сияқты, Шүберек Энни есімді иірілген жіптен жасалған жирен шашты, қызыл ала байпақ киген, иілгіш қуыршақ- қыз балалардың сүйікті ойыншығы.

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жұмсақ ойыншықтардың ең танымал түрі- "Тедди" аюы мен шұлықтан жасалған маймыл.
  • "Тедди" аюларының мұражайы алғаш рет 1984 жылы Англияның Питерсфилд елді мекенінің Хэмпшайэ қаласында пайда болған.
  • Америкалық жазушы әрі суретші Джонни Груэлл 1915 жылы науқас қызының көңіліе көтеру үшін Шүберек Энни есімді қуыршақты ойлап тапқан.
  • Әртүрлі еуропалық және американдық фирмалардың ойыншық қонжықтары танымал коллекциялық заттар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ойыншықтардан роботтарға дейін.-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "Балаларға арналған танымдық энциклопедия" ISBN 978-9965-26-604-1