Ильенков Эвальд Васильевич

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ильенков Эвальд Васильевич (18.2.1924, Ресей, Смоленск қаласы – 21.3.1979, Мәскеу қаласы) – Философиялық ғылыми докторы (1960).

2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1943–45). Мәскеу мемлекеттік университеттін бітірген (1950). Ильенков Эвальд Васильевич 1950 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО ғылым академиясының Философиялық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ильенков Эвальд Васильевич диалектиканың, диалектикалық логиканың түбегейлі мәселелерін философия тарихымен, неміс классикалық философиясының жетістіктерімен байланыстыра зерттеп, адам ойының табиғаты, ойлау заңдылықтары, идеалдылық, т. б. проблемаларды зерделеді.

Оның еңбектері Германия, Италия, Ұлыбритания, Грекия, Жапония, т. б. елдерде жарық көрді.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том