Интарсия
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Интарсия (итал. intarsio – инкрустация) – инкрустяцияның ағаштан жасалатын түрі. Интарсия ағаш бетін ойып, түсі мен түрі әр түрлі ағаш тақталарынан түрлі ою-өрнек, т.б. бейнелерді қондырып, бекіту арқылы жасалады. Интарсияның жекелеген элементтерін қатты қыздырылған құмға батыру (күйдіру) әдісі арқылы да жасайды. Жұмыс аяқталғанда интарсия бетін жылтыратып тегістеп өңдейді, сонда пайдаланылған қондырма әшекей заттар бір жазықтық та әдемі көрінеді. Интарсия тәсілі – Шығыста, Орталық Азия халықтарында, оның ішінде қазақ халқы арасында ежелден қолданылып келе жатқан өнер түрі (кебежел, асадал, төсек, т.б.). Ал Еуропада 16–17 ғ-ларда өркендеп, интарсияның ірі шеберлері шақты. Шығыс елдерінде интарсияның бедерлі түрі кең тараған. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 4-том