Кадзуёси Миура

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кадзуёси Миура Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

26 ақпан 1967 (1967-02-26) (57 жас)

Туған жері

Сидзуока, Жапония

Азаматтығы

Жапония Жапония

Бойы

177

Салмағы

72

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Жапония Иокогама

Номері

11

Клуб карьерасы[* 1]
1986 Бразилия Сантос 2 (0)
1986 Бразилия Палмейрас 0 (0)
1986 Бразилия Мацубара 0 (0)
1987 Бразилия КРБ 0 (0)
1987—1988 Бразилия XV де Жау 0 (0)
1989 Бразилия Коритиба 21 (2)
1990 Бразилия Сантос 11 (3)
1990—1998 Жапония Верди Кавасаки 192 (100)
1994—1995  Италия Дженоа 21 (1)
1999 Хорватия Кроация 12 (0)
1999—2000 Жапония Киото Пёрпл Санга 41 (21)
2001—2005 Жапония Виссел Кобе 103 (24)
2005— Жапония Иокогама 272 (27)
2005  Аустралия Сидней 4 (2)
Ұлттық құрамы[* 2]
1990—2000  Жапония 89 (55)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Кадзуёси Миура (жап. 三浦 知良|Миура Кадзуёси; 26 ақпан 1967 жыл[1], Сидзуока) — жапониялық футболшы, шабуылшы. 50-ден асқанша футбол ойнап, Гиннес кітабына енген. 2005 жылдан бері "Иокогама" клубының футболшысы. 1992 жылғы Азия чемпионы.

1982 жылы Сидзуокадағы "Гакуэн" футбол мектебін тастап, Бразилияға жалғыз кетіп қалды. Ол жақта "Жувентус" клубының академиясына қабылданды.

1986 жылы 18 жасында кәсіпқой карьерасын "Сантос" клубында бастады. 1990 жылы отанына оралғанша Бразилияның тағы да "Палмейрас", "Мацубара", КРБ, "Коритиба" секілді клубтарында ойнады. 1990 жылы "Верди Кавасаки" клубына ауысып, 1998 жылға дейін доп тепті.

Бұл аралықта 1994/95 жылғы маусымды "Дженоада" арендада өткізді, ал 1998 жылы "Верди Кавасакиден" түпкілікті кетіп, 1999 жылғы маусымды "Кроация" клубында өткізді.

2005 жылы қазіргі клубы "Иокогамаға" келді.

2019 жылы қаңтарда клубпен келісім шартын тағы да бір жылға ұзартты. 2020 жылғы қаңтардағы есеп бойынша, әлемде кәсіпқой деңгейде доп теуіп жүрген ең қарт футболшы саналады.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1990 жылы тұңғыш рет Жапония құрамасы сапында алаңға шықты. 1992 жылғы Азия чемпионатына қатысып, турнирдің үздік ойыншысы жүлдесін иеленді. Бұл турнирде Жапония тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.

Құрамадағы соңғы ойынын 2000 жылы Ямайкаға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«КРБ»
  • Алагоас лигасының жеңімпазы: 1987
«Коритиба»
  • Паранаэнсе лигасының жеңімпазы: 1989
«Ёмиури/Верди Кавасаки»
  • Жапон 1-лигасы: 1990/91, 1991/92
  • Жапония чемпионы: 1993, 1994
  • Джей-лига кубогы: 1993, 1994
  • Император кубогы: 1996
  • XEROX Champions Cup: 1994, 1995
«Кроация»
  • Хорватия чемпионы: 1998/99

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жапония
  • Азия кубогының жеңімпазы: 1992

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]