Калий сульфаты
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Калий сульфаты, күкірт қышқыл калий, K2SO4 – калий қосылысы, тыңайтқыш зат.
Ұнтақ тәріздес, ылғал сіңірмейтін түссіз кристалл зат, құрамында 45 – 48%-дай К2О болады. Тығыздығы 2,66 г/см3; балқу t 1074 °C; қайнау t 2000°С; суда жақсы (20°С-та 100 г суда 11,1 г К. с.) ериді. Калий Сульфаты табиғи сульфаттар – шенит, глазерит, леонит, лангбейнит, полигалит тәрізді минералдардың құрамына кіреді. Калий Сульфатын осы минералдардан химиялық жолмен өңдеп не көміртекпен тотықсыздандырып алады. Ауыл шаруашылық дақылдары (әсіресе, картоп, темекі, зығыр, жүзім, т.б. хлорға сезімтал өсімдіктер) егілетін топырақтың барлық түріне, егіс алдында, егіс кезінде негізгі тыңайтқыш ретінде қолданылады және үстеп қоректендіріледі. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Энциклопедиясы