Карлов университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Координаттар: 50°05′18″ с. е. 14°24′13″ ш. б. / 50.0884° с. е. 14.4037° ш. б. / 50.0884; 14.4037 (G) (O) (Я)
Карлов университеті
Университет атауы
Халықаралық атауы Univerzita Karlova v Praze
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1348 жыл
Түрі Ұлттық университет
Орналасуы
Орналасқан жері Чехия, Прага
Мекенжайы Ovocný trh 5, 116 36 Praha 1
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Студенттер 53 мың.
Шетел студенттері 7 мың
Бакалавриат 20 мың
Магистратура 25 мың
Сайты www.cuni.cz/

Карлов университеті(серб-хорв. Universita Karlova) — Европадағы байырғы университеттердің бірі және бірінші славян университеті. 1348 жылы Прагада император Карл IV негізін құрған. Алғашқыда университетте еркін өнер, құқық, медицина факультеттері болды.[1]

Университеттің басты корпусы

Гусив революция қозғалысы кезінде Карлов университеті ұлт-азаттық және антикатоликтік күрестің орталығына айналды. 1526 жылы Прагада Карлов университетінің ықпалын нашарлату мақсатында иезуиттік академия құрылды, ол 1654 жылы император Фердинанд III кезінде Карлов университетімен бірктіріліп, Карл-Фердинанд университеті болды. Ұлттық қайта өркендеу кезінде (18 ғ-дың соңы, 19 ғ-дың орта шені) университет студенттері мен профессорлары Чехияны Австрия үстемдігімен азат ету күресіне, 1448-1449 жылдары революциялық қозғалысқа қатысты. 1882 жылы Карлов университеті екіге: чех және неміс университетіне бөлінді. Неміс-фашизм оккупациясы кезінде университет жұмысын тоқтатып, 1945 жылы қайта ашылды.

Университет факультеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Карлов университеті құрамында:

  • математика және физика
  • жаратылыс тану ғылымдары
  • жалпы медицина
  • медицина
  • философия
  • заң
  • мәдениет және журналистика
  • дене тәрбиесі және спорт факультеттері бар.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Чехия ЖОО-да емтихан түрлері
  2. Қазақ совет энциклопедиясы, 333-бет, 9-том, Алматы, 1976 ж.