Карма
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Карма (санскрипша – іс-әрекет) – ежелгі үнді философиясы мен дініндегі ұғым.
Индуизм ілімінде жеке адамның табиғатпен тікелей байланысы К. заңдары арқылы реттеледі. Атма адам тәніндегі жанға айналып, жақсы, жаман әрекеттерге итермелейді. Карма – осы іс-әрекеттердің нәтижесі, жанның бір денеден екінші денеге көшуіне жағдай жасайтын себеп, сондықтан да адамның туғандағы хал-ахуалы (байлық, кедейлік, құрмет, жәбір, қасірет, тағы басқа) ата-бабаларының өткендегі іс-әрекеттері мен мінез-құлқының шарапаты не кесапатына байланысты.[1]
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том