Каролина Гершель
Каролина Лукреция Гершель | |
нем. Caroline Lucretia Herschel | |
Каролина Гершель | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы |
Астрономия |
Жұмыс орны | |
Несімен белгілі |
кометаларды зерттеуші, астроном атағына ие болған тұңғыш әйел |
Марапаттары |
|
Сайты | |
Каролина Лукреция Гершель (нем. Caroline Lucretia Herschel; 16 наурыз 1750, Ганновер, — 9 қаңтар 1848, сол жерде) — ағылшын-неміс астрономы, белгілі ағылшын астрономы және оптик Уильям Гершельдің (1738-1822) қарындасы және ассистенті. Бірқатар астрономиялық жаңалықтар жасады, «Historiacoelestis Britannica» немесе «Flamsteed Designations» («Британдық аспан тарихы», немесе «Флемстидтің белгілері») (1725) жалпыға мәлім аспан шырақтары каталогын толықтырған, жұлдызды каталогтың редакторы және құрастырушысы. Оның астрономияға қосқан үлесі Ұлыбритания үкіметімен танылды, Алтын медальмен (1828) және Лондон корольдік астрономиялық қоғамының құрметті мүшелігіне (1835) белгіленді. Ирландия Корольдік Академиясының құрметті мүшесі болып сайланған (1838).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балаларына музыкалық білім беруге талпынған еврей-музыканттың отбасында дуниеге келген, отбасында тоғызыншы бала. 1772 жылы өзінің ағасы Уильям Гершельдің шақыруы бойынша Англияға келді және оның өмірінің қалған қырық жылы бойы оның ажырамас көмекшісі болды.
Бірлескен өмірінің алғашқы сегіз жылы, Уильям Гершель музыкамен айналысып жүрген кездерде, Каролина оның барлық музыкалық шығармаларында әнші ретінде сахнаға шыққан. Гершельдің астрономиялық айналысушылығы арта келгенде, Каролина оларға еліктеп қала берді және Гершельдің зерттеулеріне ассистенттік етіп, оларға жазба жүргізді. Бос уақытында Каролина Гершель өз бетінше аспан бақылайтын және 1783 жылы жаңа үш тұмандық ашты. 1786 жылы Каролина Гершельмен жаңа комета — әйелмен табылған бірінші комета ашылды; осы кометаның арқасынан тағы да бірнешеуі ашылды.
1822 жылы Уильям Гершель қайтыс болғаннан кейін Каролина Гершель Ганноверге қайтып келді, бірақ астрономияны қалдырмады. 1828 жылы оның ағасымен зерттелген 2500 жұлдызды тұмандықтар жұмысын аяқтады; осыған байланысты Ұлыбританияның Корольдік астрономиялық қоғамы оны алтын медальмен марапаттады және 1835 жылы өзінің құрметті мүшесі етіп сайлады.
1838 жылы Каролина Гершель Ирландия Корольдік ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.
Каролина Гершельдің құрметіне 1888 жылы ашылған астероид (281) Лукреция және Айдағы кратер аталды.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Roberta J. M. Olson, Jay M. Pasachoff The Comets of Caroline Herschel (1750-1848), Sleuth of the Skies at Slough // Seventh Conference on the Inspiration of Astronomical Phenomena, INSAP7. — 2010. — arXiv:1212.0809.
- Michael Hoskin, 2005. Caroline Herschel as Observer. Journal for the History of Astronomy, Vol. 36, Part 4, No. 125, pp. 373-406 (November 2005).