Кемтік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кемтік

Кемтікшалаөткізгіштің валенттік аймагындагы толтырылмаған электрондық күйді (бос орын) көрсететін квазибөлшек. Кемтіктің заряды он және электрон зарядына тең деп алынады. Әдетте, Кемтіктің өткізгіштік электронға қарағанда эффективтік қозгалғыштыгы аз.

Кемтік түсінігі шалаөткізгіштің электрондық жүйесі қасиеттерін, оның ішіндегі құбылыстарды сипаттау үшін енгізілген.

Кемтіктік өткізгіштік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кемтіктік өткізгіштік — немесе р- типті өткізгіштіктің негізгі заряд тасымалдаушылары кемтіктер болып табылатын шалаөткізгіштің өткізгіштігі.

Мөлшер жағынан үлестік өткізгіштік σp=eμpρ формуласымен анықталады, мұндагы е — еркін кемтіктердің заряды, μp — қозғалғыштыгы, ρ— концентрациясы. Кемтіктік өткізгіштік шалаөткізгіш ішіндегі қоспалар атомдары арқасында, акңепторлар конңентраңиясы донорлар қоспасынан артық жағдайда пайда болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6