Кивилер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кивилер
Apteryx mantelli
Apteryx mantelli
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Түйеқұстәрізділер (немесе Кивитәрізділер)
Тұқымдасы: Apterygidae
Gray, 1840[1]
Тегі: Apteryx
Shaw, 1813[1]
Түрлері

Apteryx haastii
Apteryx owenii
Apteryx rowi
Apteryx australis
Apteryx mantelli

Синонимдері

Apternyx [sic] Swainson 1837
Stictapteryx Iredale & Mathews 1926
Kiwi Verheyen 1960

Кивилер (лат. Apteryx) – төсқырынсыз құстар туысы. Киви – Жаңа Зеландияның ұлттық символы. Олардың денесінің ұзындығы 50 – 80 см, салмағы 2 – 4 кг. Денесі біркелкі шаш тәрізді қауырсынмен жабылған, құйрығы болмайды, аяқтары қысқа, өте мықты келеді, аяқтарындағы башайларының саны – үшеу, тырнақтары өткір. Тұмсығы жіңішке әрі ұзын, оның ұшында танау тістері орналасқан. Көздері кішкентай. Қорегін көбінесе, иіс сезу арқылы табады. Басқа түйеқұстардан басты ерекшелігі – Кивитәрізділер түнде белсенді тіршілік етеді. Олар қалың ағаштар мен бұталардың арасын мекендейді. Қуысты жерлерге салған ұясында 1 – 2 өте ірі (салм. 450 г-ға дейін) жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын қораздары 6 – 7 аптадай шайқайды. Балапандарына да қамқорлықты қораздары жасайды. Кивитәрізділер жыныстық жағынан 3 – 5 жаста жетіледі. Олар құрттармен, жәндіктермен және жидектермен қоректенеді. Кивитәрізділердің қазіргі кезде 5 түрі бар. Кіші кивидің 500 – 600-дей данасы тіркелген (2001). Орман алқаптарының азаюы мен кивитәрізділерді қауырсындары үшін аулау – олардың санының күрт азаюына әкелді. 1921 жылдан бері қатаң қорғауға алынған, Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына тіркелген.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Brands, S. (2008)
  2. Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]