Мазмұнға өту

Кинокомедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кинокомедиякино өнерінің жанры. Әлеуметтік құбылыстар мен адамдардың өзара қатынасын әзіл, сықақ, мысқыл арқылы көрсетеді.

Тұңғыш қазақ Кинокомедиясы Ақ раушан 1942 жылы Орталық біріккен көркем фильмдер киностудиясында түсірілді (режиссер Е.Е. Арон). Оған актерлер С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Ш.Айманов, С.Телғараев, т.б. қатысты. Кинокомедия жанрында түсірілген фильмдердің қатарында “Өжет қыз” (1955, реж. П.П. Боголюбов), “Мазасыз көктем” (1956, режиссер А.М. Медведкин), “Біздің сүйікті дәрігер” (1957, режиссер Айманов), “Жерге қайта оралу” (1959, реж. М.Бегалин), “Ән қанаты” (1961, реж. Айманов). “Ұлым менің” (1962, режиссер Э.И.Файк), “Әзіл-шыны аралас” киноновеллалар жинағы, (режиссер Ю.С. Чулюкин, Д.Б. Тінәлина, Цой Гук Ин, Ю.П. Мингазитинов, Г.В. Дегальцев), “Алдар Көсе” (1964, режиссер Айманов), “Тақиялы періште” (1968, режиссер Айманов), “Күзет бастығы” (1978, режиссер А.Тәжібаев). “Адамды қарсы алыңдар!” (1984, режиссер. Л.Д. Сон) бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8