Кофеұсатқыш
Кофеұстатқыш (Кофемолка). Қолмен айналдырылатын және электр кофеұсатқыш бар. Қолмен айналдырылатын кофеұсатқыштың, әдетте, ағаш немесе металл корпусы бар, оның ішінде тұтқамен қозғалысқа түсетін диірмені, сондай-ақ ұнталған дәннің майдалану дәрежесін реттеп отыратын тетік орналасқан. Корпустың төменгі бөлігінде майдаланған кофе түсетін шағын жәшік бар. Электр кофе ұсатқыштың моделі ор түрлі болғанымен, олардың жұмыс реті бірдей болып келеді — кофе дәні шапшаң айналатын саптама (қалақшасы бар диск) көмегімен ұсақталады. Электр кофе ұсатқышта екі бөліктен тұратын пластмасса корпус бар, олардың бірінде электр қозғалтқыш, ал екіншісінде — түбінде саптамамен бекітілген дәнге арналған бункер орналасқан. Электр кофе ұсатқыш бункеріне, әдетте, 3 шай қасық дон салынады, олар майдалау түріне қарай 1- 2 минут бойы ұнтақталады. Кофенің екі-үш адамға арналған дәнін жармалағаннан кейін, кофе ұсатқыш механизмі қызып кетпес үшін (15—20 минут) үзіліс жасалады. Үйде пайдаланылатын кофе ұсатқыштың негізгі артықшылығы — қайнату алдында тікелей майда кофе алу мүмкіндігі, мұның өзі оның хош иісін және дәмдік қасиетін сақтайды. Электрлі кофе ұсатқыштың салмағы, әдетте, 1 кг-дай, тұтынатын қуаты — 100—150 Вт. Электр кофе-ұсатқышын сондай-ақ аздаған мөлшерде қантты, кепкен нанды және басқа да азық-түліктерді ұнтақтау үшін де пайдалануға болады.[1] Кофеұсатқыш бос жұмыс істемеуі керек. Дәнді ұсатқаннан кейін кофеұсатқышты құрғақ шүберекпен тазалау қажет. Электр кофеұсатқышы ұзақ уақыт бойы майлаулы және электр двигателінің электр щеткасын алмастьіруды керек етпейді.[2]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |